Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақстанға танымал журналист 15 жыл жасырып келген жолдасын көрсетті

25 февраля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген 15 жылдан кейін күйеуімен бірге түскен суретін жариялап, отбасылық қарым-қатынас және ер-азаматтың әйелге деген құрметі туралы ой толғады.

Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Әйелге құрмет – мәңгілік тақырып»

Дина Төлепберген өз жазбасында ер мен әйел арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығына, сондай-ақ, қоғамдағы кейбір қалыптасқан көзқарастарға тоқталды.

«Ол саған есік ашып жүр ме, сонда?» деген әріптестерінің 2010 жылы айтқан сөздері әлі күнге дейін есінде екенін жеткізді. Ол кезде болашақ жұбайы жұмыс орнына келіп, көлік есігін ашып тұрғанын көрген әріптестері мұны әзілге айналдырған.

«Қазір 2025 жыл, 15 жыл өте шықты, бірақ ештеңе өзгермеген. Әйелге есік ашу, пальтосын киюге көмектесу, жаңбырда қолшатыр ұстау, шотты төлеу – осылар әлі күнге дейін талқыланып келеді. Ең қызығы, еркектің қарапайым құрметін кей «данышпандар» мазаққа айналдырады», – дейді ол.

«Өзін ақтау үшін ер адам өзгеден кінә іздейді»

Журналистің пікірінше, кейбір ер-азаматтар өзінің қателіктерін мойындаудың орнына, айналасындағыларды кінәлауға бейім келеді.

«Ақылды біреу айтқан екен: адам – табиғатынан жақсы. Егер ол жамандық жасаса, жүрек түкпірінде бәрібір бір жері ауырып тұрады. Бірақ ұятын жеңу үшін, өз кінәсін ақтау мақсатында өзгеден мін іздей бастайды» – деп жазды ол.

Мәселен, ер адам опасыздық жасаған кезде, өзін ақтау үшін түрлі сылтаулар ойлап табады:

  • «Маған көңіл бөлмейді»
  • «Өзін күтпей кеткен»
  • «Толып кетті»
  • «Қанша ақша берсең де, жетпейді»

Осындай қателіктерін басқаның мойнына артып, өз кінәсін ақтауға тырысуы жиі кездесетін жағдай екенін атап өтті.

«Бір түндік романдар мен «пәк қыз» тақырыбы»

Тележүргізуші екіұдай стандарттарға да назар аударды. Оның айтуынша, кейбір жігіттер «бір түндік романдарға» әуес болып, соған қарамастан, тек «пәк қызға» үйленгісі келеді.

«Иә, «Еркектік логика» деген өте қызық ғылым екен» – деп түйіндеді ол.

Дина Төлепберген кім?

Дина Төлепберген – Қазақстанның танымал тележүргізушісі, журналист, қоғам белсендісі. Ол өзекті әлеуметтік тақырыптарға батыл пікір білдіруімен, сондай-ақ әйелдер құқығы, отбасы құндылықтары және қоғамдағы гендерлік мәселелер туралы ашық айтуымен танымал.

Оның бұл жазбасы да әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көптеген оқырмандар қолдау білдірді.

Дина Төлепберген ер мен әйел еркектік логика опасыздық отбасылық қарым-қатынас тележүргізуші қоғам әйелге құрмет әйелдер құқығы

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.