95 жастағы екі мәрте «Оскар» иегері Джин Хэкман жұбайы Бетси Аракавамен бірге өз үйінде өлі күйінде табылды,деп хабарлайды Todayinfo.
Independent басылымы үйде олардың иті де өлі күйінде табылғанын хабарлады.
Тергеу мәліметтері
✔ Өлімнің зорлық-зомбылық белгілері анықталмады
✔ Екеуі де 27 ақпан күні түнгі 00:00 шамасында көз жұмған
✔ Өлімнің нақты себебі жарияланған жоқ
«Қауіпке негіз жоқ, қоғам мен көршілерге ешқандай қауіп төнбейді», – деп мәлімдеді Санта-Фе округінің шерифі Адан Мендоса.
Джин Хэкманның өнер жолы
✔ «Бонни және Клайд» (1967) фильміндегі рөлі арқылы танымал болды
✔ «Француз байланысы» фильміндегі рөлі үшін алғашқы «Оскарын» жеңіп алды
✔ «Пугало», «Приключение «Посейдона» сынды культтік фильмдерге түсті