Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қарасу шағын ауданындағы скверге ірі көшеттер отырғызылды

12 марта, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында Алматыда қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру қарқынды түрде жалғасып келеді, деп хабарлайды Todayinfo.

Көріктендірудің маңызды кезеңдерінің бірі Қарасу шағын ауданындағы скверге ірі ағаштар отырғызу еді. Мұнда биіктігі 6 метр болатын 42 қарағай егілді. Ірі көшеттердің тамыр жүйесі жақсы дамыған, діңі берік, тәжі қалың, бұл олардың жылдам бейімделуіне және орнығып кетуіне сеп. Мұндай ағаштарды отырғызу шағын ауданның эстетикалық келбетін жақсартумен қатар, жасыл аймақтар құрып, автокөлік шығарындыларынан ауаның ластану деңгейін төмендетуге және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Ағаштардың ұзақ мерзімді сақталуы мен күтімі үшін заманауи автоматты суару жүйесі қарастырылған. Үш жыл бойы егілген көшеттерге кепілдік міндеттемелері аясында мердігер ұйым күтім жасайды, содан кейін оларды күтіп-ұстау міндеті Алатау ауданы әкімдігіне өтеді.

Шағын аудан тұрғындары оң өзгерістерді қазірдің өзінде байқап отыр.

«Бұл тамаша бастама», – дейді Гауһар Шерәлиева. – «Бұрын бұл жерде бос алаң болатын, жазда қураған шөп өрт қаупін тудыратын. Енді сквер жаңарып, жасыл желекке оранды: қылқан жапырақты ағаштардың хош иісі, көлеңкелі орындар – бәрі де жайлы әрі қолайлы орта қалыптастырады».

«Бұл қарағайлар өскенде өзіндік микроклимат жасап, көлік қозғалысынан табиғи жасыл тосқауыл құрады, осындай ауада тыныстау денсаулыққа пайдалы. Біз Қарасу тұрғындары, бұл көрікті жерді сақтауымыз керек», – дейді Александр Мезенцев.

Аудан тұрғыны Валентина Мезенцева да оң өзгеріске жоғары баға берді: «Біз бұл жерде 1994 жылдан бері тұрамыз. Бұрын бұл жер бос жатқан еді, қазір бәрі өзгерді. Жасыл желек көбейді, қарағайлар отырғызылды. Әдемі, жайлы орта қалыптасты. Жергілікті тұрғындар серуендеуге жиі шығып, бір-бірімен араласа бастады, балалар таза ауада ойнап жүр».

Ірі көлемді ағаштар ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» мамандарының ұсынысын ескере отырып отырғызылды. Жоба мегаполистегі жасыл аймақтарды дамыту және қолайлы қала ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Айта кетейік, биыл наурызда Алматыда 2000-ға жуық ірі ағаш отырғызу жоспарланған. Биіктігі кемінде 4 метр болатын көшеттер Саин, Рысқұлов, Сәтбаев көшелерінде, Көкжиек шағын ауданында, Гүлдер саябағында және басқа да қоғамдық кеңістіктерде отырғызылып, қаланың көгалдандырылуына және экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосады.

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.