Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Шымкентте кезекті «ДәмДәсTour» фестивалі өтті

31 марта, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында дәстүрге айналған аспаздардың «ДәмдәсTour» шарасы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.

Шымкент – қонақжайлығымен, дәмі тіл үйірер тағамдарымен келген жанды баурап алады. Мұндағы асхананың саналуандығы – ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің, түрлі мәдениеттердің тоғысуының айқын көрінісі. Қазақтың дархан көңілі мен астың берекесі ұштасқан бұл қалада әр тағамның өзіндік тарихы, әр дәмнің өзіндік сыры бар. Бүгін Әл-Фараби алаңында өткен мерекелік шарада осы бір бай мұра тағы бір мәрте айшықталды. Бармағынан бал тамған аспаздар өз өнерлерін ортаға салып, дәмді асты көпшілікке ұсынды. Бұл іс шара көпшіліктің көңілінен шыққан асыға күтетін, нағыз той-думан.

2022 және 2023 жылдары үлкен табысқа жеткен «ДәмДәсTour» фестивалі биыл да өз жалғасын тауып, қалада гастрономиялық мереке ретінде өтті. Бүгін фестивальға 50-ден астам тамақтандыру орны қатысып, өздерінің дәмді әрі ерекше тағамдарын ұсынды.  Шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, аспаздардың тағамдарымен, қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен танысты.

Бұл фестивалдің басты жаңалығы салмағы 24 келі шығатын тандыр самсаның дайындалуы. Бұл еліміздегі алғаш рет жасалған ең үлкен самса. Бұл туралы Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Сәбитұлы айтты.

“Бүгін бұрын-соңды болмаған рекорд орнатылып жатыр. Алып самсаны пісірген Шымкент — гастрономияның астанасы екенін тағы бір дәлелдеп отыр”, – дейді ол.

Ал, алып самсаны әзірлеген «Камал ата» асүйінің бас аспазы Немат Нархожаев. Бұл тағамды әзірлеу үшін 2 апта дайындалғанын және оңай болмағанын айтады.

“Құрамы және пісіру тәртібін еш өзгерткеніміз жоқ. Тек көлімін ұлғайттық. Қиын болғанын жасырмаймын. Алғашында үй жағдайында 17 келі самса әзірледік. Өте сәтті шықты. Ал көпшілікке ұсынған тандыр самса 24 келі шықты”, – дейді бас аспаз.

Фестивальде тек тағам ғана емес, сонымен қатар ерекше мотоспорттық шаралар да өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа қалалардан мотобайкерлер Шымкентке арнайы келіп, өздерінің ерекше мотошеруін және мотошоуын ұйымдастырды. Бұл шараға 100-ден астам мотобайкер қатысып, қала көшелерімен өздерінің мотоциклдерімен сәнді шеру жасады.

Жиын барысында қала тұрғындары мен қонақтары, эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Ал жиын соңында болған кәсіби отшашу мен алау көрінісі қала тұрғындарына әсерлі сәттер сыйлады.

Фото: «Шымкент келбеті»

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

Соңғы жазбалар

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.