Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алакөл шомылу маусымына толық дайын – туристер үшін 10 жаңа мүмкіндік

2 Шілде, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Биыл Алакөл демалыс аймағы шомылу маусымына жаңартылған инфрақұрылыммен, сапалы көлік қатынасымен және күшейтілген қауіпсіздік шараларымен дайын. Жетісу облысы жағалаудағы сервисті жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарды,еп хабарлайды Todayinfo.

Назарларыңызға жаңа маусымның 10 басты артықшылығын ұсынамыз:

                                         Астана мен Алматыдан тікелей ұшақтар

Үшарал қаласына әуе рейстерінің саны артты. Енді «Алматы – Үшарал» және «Астана – Үшарал» бағыттары бойынша күнделікті рейстер қатынайды. Мемлекет субсидиялаған билет бағасы – небәрі 20 000 теңге.

                                          Қосымша теміржол бағыттары іске қосылды

Алакөлге 13 пойыз қатынайды. Олардың ішінде «Тальго» жүрдек пойыздары, сондай-ақ Өскемен, Павлодар, Қызылорда, Семей және Ақтоғай бағыттары қамтылған.

                                         Автобус маршруттары қолжетімді

Алматыдағы «Сайран» және Талдықорған автобекеттерінен Ақши мен Көктұма ауылдарына тұрақты автобустар жүреді. Билет құны – 5 000 – 9 000 теңге аралығында.

                                          Медицина қызметі тәулік бойы жұмыс істейді

Ақши ауылында жедел жәрдем, дәріхана және дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Облыс орталығынан мамандандырылған дәрігерлер іссапармен жіберілген.

                                            Қауіпсіздік шаралары күшейтілген

Жағалауда 19 құтқарушы мен 28 полиция қызметкері жұмыс істейді. 9 құтқару мұнарасы орнатылған. Су мен өрт қауіпсіздігі үшін ТЖД кезекшілігі ұйымдастырылған.

                                               Су көліктеріне қатаң бақылау орнатылды

Жетісу облысында Суды ортақ пайдалану ережесі бекітіліп, 3 тұрақ пен 1 айыппұл тұрағы құрылды. Көлік инспекторлары саны артты.

                                           Интернет пен байланыс жақсарды

Жағалауда 16 базалық станция жұмыс істейді. 2024 жылы оптикалық-талшықты желі тартылды, қазір туристік нысандар кезең-кезеңімен интернетке қосылып жатыр.

                                             Санитарлық инфрақұрылым жаңартылды

11 санитарлық-гигиеналық торап орнатылып, маусым соңына дейін тағы 12-сі қосылады. 60 қоқыс жәшігі мен 20 биотуалет орнатылды.

                                               Кәріз жүйесі салынып жатыр

2023 жылы басталған 69,7 км кәріз желісі құрылды. Қазір Ақши ауылында кәріз тазарту құрылғысының құрылысы жүріп жатыр. Жоба 2026 жылы аяқталады.

                                        Электрмен жабдықтау күшейтілуде

«Ақши» қосалқы станциясы салынып, Бескөл – Ақши бағытында жоғары кернеулі желілер тартылуда. Көктұма мен Ақшиде жағалауды бекіту жұмыстары басталды.

Алакөл – қазақстандық туризмнің басты бағыттарының бірі. Жаңа инфрақұрылым, қауіпсіздік, қолайлы көлік қатынасы мен экологиялық жағдай туристер үшін жағалауда демалуды әлдеқайда жайлы етпек.

 

Оқылып жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

Соңғы жазбалар

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.