Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматы тұрғындарының үштен бірі жастар — Арман Қырықбаев

27 февраля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда Бостандық ауданының комьюнити орталығында Қазақстанның барлық аймақтарынан келген Жастар саясаты басқарма басшыларының слеті өтті. Бұл туралы шаһар әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Республика бойынша Жастар саясаты басқарма басшылары, Жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері, қаламыздың белсенді жастары, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары, Жастар кеңесінің мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Арман Оразбайұлы қала әкімдігінің жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым құрудағы жұмыстары туралы тоқталып, атап өтті.

«Алматы тұрғындарының шамамен үштен бірі немесе 682 мыңы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. Бұл өз кезегінде бізден жастарды қаламыздың дамуы үшін атқарылып жатқан жұмыстарға белсенді тартуды, олардың жайлы өмір сүруі, жұмыс істеуі, бос уақытын тиімді өткізуі үшін қолайлы жағдайлар жасауды талап етеді. Осы орайда біз қаламыздың барлық ауданында NEET жастарды қолдау үшін 8 комьюнити орталық аштық», — деді қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Аймақтардан келген қонақтарға комьюнити орталықтардың жұмысымен Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Мендіғалиев таныстырды.

Жастар саясаты

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Әрбір комьюнити орталық креативті қоғамдық кеңістікті құрайды. Мұнда жастарды қолдау үшін қажеттінің бәрі бір жерде жинақталған: бұл әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, психологиялық және заңгерлік көмек, NEET жастарын қысқа мерзімді курстар арқылы өзекті мамандықтарға оқыту және жұмысқа орналастыру», — деп атап өтті Қайыржан Мендіғалиев.

Айта кетейік, Алматы қаласын дамыту бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін әр ауданда екіден жалпы 16 жастар комьюнити орталығын іске қосу жоспарланған, олардың 8-і жұмысын бастады.

Іс-шараға қатысқан қонақтар барлық аудандардағы комьюнити орталықтарда болып, Алматы қаласының жастар саясатаның жұмысына жоғары бағасын берді.

Жастар
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жастар саясатының басты мақсаты — әрбір жас алматылыққа қоғамда өз орнын табуға көмектесу. Ал комьюнити орталықтар жастарды әлеуметтендірудің маңызды құралы болуға бағытталған.

«Жастарға қолдау көрсететін, қажеттінің барлығы бір жерде жинақтаған комьюнити орталықтарды көріп қуанып отырмын. Мұнда жастарды қолдау үшін барлық жағдай жасалып, ең бастысы барлық қызмет түрін тегін алуға болатыны, мені қуантты. Менің ойымша бұндай форматтағы орталықтар тек Алматыда ғана емес, еліміздің барлық қалаларында болу қажет», — деді өз сөзінде комитет төрағасы Қайрат Қамбаров.

 

Алматы Арман біріжастар тұрғындарының Қырықбаев үштен

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.