Фото: istockphoto.com
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ЛГБТ+ мәселесіне қатысты ресми мәлімдеме жасап, оның Ислам шариғатына қайшы екенін атап өтті. Діни басқарма қоғамды мұндай құбылыстардан сақтануға шақырып, мұндай әрекеттердің ауыр күнә екенін ескертті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
ҚМДБ-ның хабарламасында:
«Еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа баруы – харам. Бұл азғындықтың ең ауыр түрі, лағынеттелген шайтанның ісі. Олардың ақыреттегі жазасы өте ауыр», – делінген.
ҚМДБ шығарған үкім:
✔️ ЛГБТ іс-әрекеттері – шариғат бойынша харам, яғни қатаң түрде тыйым салынған.
✔️ Өз жаратылысына қарсы шығып, жынысын ауыстырған адам – адасушы, оған Алланың қарғысы түседі.
✔️ Мұндай адам шынайы тәубе етіп, емделуі қажет.
✔️ Егер арсыз әрекетінен бас тартпаса, оның жаназасы оқылмайды, ал ақыреттегі жазасы ауыр болады.
ҚМДБ Ислам құндылықтарын қорғау мақсатында қоғамды ұлттық және рухани дәстүрлерді сақтауға шақырды.