Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Басқа мемлекеттен ақша алып, еліңді жамандау — сатқындық»: Ерлан Қарин Отанын жамандайтындардың шынайы өміріне баға берді

21 Шілде, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин депутат Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында шетелдік қорлардан қаржы алып, Қазақстанды негізсіз сынайтын белсенділер мен сарапшылар туралы айтты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. 
Тіптен демократияны желеу еткен кейбір белсенділер, батыс елдеріне барып өз Отанын сынап, жамандайтын болған. Мемлекеттік хатшы, бұндай әрекеттерді — сатқындық деп бағалайтынын айтты. Оның сөзінше, ақшаға бола туған елін жамандап сөйлей беру — демократия жоқ дегенді білдірмейді.
«Бір әлеуметтік желіден азаматтық белсендінің шетелдегі семинарда сөйлеп жатқан видеосын көріп, ашуландым. Ол шетелдегі бір семинарға қатысып жатыр екен. Сол жерде Қазақстанда соңғы жылдары жағдай нашарлап кетті, азаматтар өз пікірін айта алмайды, сөз бостандығы мүлде жоқ, саяси дамуымыз артқа кетіп бара жатыр және тағы басқа да пікір айтқан. Залда отырғандардың барлығы шетел азаматтары. Мұны көріп ашуланғаным рас. Әрине, кемшіліктер бар, оны ешкім жоққа шығарып отырған жоқ. Бірақ барлығы жаман, алға жылжу жоқ, тек керісінше кетіп бара жатырмыз деп айту да жалған, шындыққа жанаспайды. Елде демократияның бар екенінің бір белгісі, ауыл әкімдерін сайлау. Парламент пен мәслихатқа тікелей бір мандаттық округтен сайланып жатыр. Бүгінде Парламентте қаншама сайлаудан өтіп, халықтың мандатына ие болып келген азаматтар бар. Міне, осының бәрін қалайша жоққа шығаруға болады? Немесе сіз өзіңіз де кез келген азаматты әлеуметтік желіден, Youtube желісінде өзінде қаншама саяси подкасттар шығып жатыр. Меніңше, муызканы да, киноны да осылай талқыламайтын шығар», — дейді Ерлан Қарин.
Ол подкаст бағдарламалардың көбісінде саясатты талқыланатынын айтты. Арасында шындыққа келмейтін ақпараттарды да айта беретіндері аз емес. 

«Егер сөз бостандығы жоқ болатын болса, егер әрбір адам өз пікірі үшін қуадаланатын болса, жұрттың барлығы Youtube-тан саясат туралы подкаст аша ма? Кәдімгідей үш адам отырып алып, талқылап, сынап жатады. Шындыққа келетін де, келмейтін де нәрсені айтып жатады. Кей кезде тіпті болмаған жағдайды талқылап жатады. Қауесет әңгімелерді шын кейіпке салып, сарапшы болып талқылайды. Тіпті, жауапкершілікті де сезінбейді. Сол үшін олар не болса соны айта береді. Сөйтіп отырып сыртқа барып, елді жамандайды. Бұған қалайша шыдайсың? Осыдан кейін қалай сын айтпайсың?» — деді мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қарин жақында қоғамдық алаңда жүрген бір әріптесі Қазақстанның көрсеткіштері жақсы, сондықтан халықаралық қор мұндай жобаларды қаржыландыруды азайтатынын айтқанын жеткізді. Елді сыртқа барып жамандап жүргендер, шындығында шалқып өмір сүріп, бизнес-кластағы ұшақпен ұшып, шетелде демалып жүрген адамдар. 

«Өйткені, оларға баяғыдай айналысатын қажеттілік жоқ. Сол себепті қысқартылатын көрінеді. Сол әріптесім «сіздің не айтқыңыз келгенін енді ғана түсіндім» дейді. Шындығында да, біздің кейбір әріптестеріміздің сыртқа барып, Қазақстанды жамандауы, жәй әдет емес, арнайы бір мақсат деуге болады. Себебі, елді жамандаса, қаржыларын үзбей ала береді. Бұлардың жағдайы әлі де қиын екен, әлі зерттеу керек екен, әлі бір жоба керек екен дейді. Егер жағдайдың дұрыстығын айтса, оларға қаржы берілмейді. Мен жағдайдың шынында солай екенін енді ғана түсіндім. Ол баяғыдан солай. Қоғамдық алаңда жүрген кейбір әріптестерді білемін, 20-30 жыл өтті, айтатын әңгімелері бір. Бірақ осы Қазақстанда жүреді, сыртқа бизнес-класпен ұшып барады. Шетелде қыдырып жүреді, мысалы біз олай жүрмейміз. Шетелде жүреді, пайданы осы елде табады, сыртқа барып Қазақстанды жамандайды. Осыдан кейін қалай сынамайсың? Сосын елде жүрген тілшілерді тәуелсіз емес деп айтады. Шын мәнінде оларды да басқа елдің үкіметі қорлар арқылы қаржыландырып отыр екен. Шындықты да талап ететін болсақ, әділ болайық. Бірдей талап қояйық. Сонда ғана тура жолмен жүреміз», — дейді ол.

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.