Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Чемпион болатынымды «мамам» ғана білді: Елдос Сметов Лондонға оқуға барады

14 Қазан, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жаңа жылдан кейін оқуға кетеді. Ол ағылшын тілін үйреніп, білімін жетілдіру үшін Ұлыбритания астанасына аттанбақ, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Чемипон өзінің ойларымен, алдағы уақыттағы жоспарларымен Алматыда өткен «Sana-2» бизнес форумында бөлісті. Ол Париж ойындары өтер алдында спортты тастап, тоқтату туралы шешім қабылдамақ болғанын айтты.

«Олимпиадаға үш ай қалғанда Азия чемпионаты өтті. Сол кезде мен 7-ші орын алып, ұтылдым. Жүлдеге де ілінбедім. Әбден ашуланып шықтым. Сол жақтан әкеме телефон соғып, ұтылып қалғанымды, спортты қоятынымды айттым. Шаршағанымды, жарақат алғанымды, түнде дұрыс ұйықтай алмайтынымды, қысқасы «жалобымды» айтып жатырмын ғой енді спортты қоям деп. Сол кезде әкем Олимпиадаға жолдама алуға алда тағы екі жарыс өтетінін, ұпай жинауға мүмкіндік бар екенін айтты. Сосын «мамама» сөйлестім. Оғанда айтып жатырмын ғой шағымдарымды, ойладым, «балам қойсаң қояғой» деп айтатын шығар деп. Мамам, «бір өтінішім бар, тыңдашы» деді. Айттым, «мама, не айтсаңда сені тыңдаймын ғой, айтағой, не дейсің?» деп. Ойлап тұрмын ғой, бір өтініші, шаруасы бар шығар деп. «Балам, спортты тастама, іштей сезетін сияқтымын, сен Олимпиада чемпионы болсың. Ішкі сезімім алдамайды, сен чемпион боласың, балам» деді. Мен Азиядан жеңіліп, спортты тоқтатам деп жүргенде, Олимпиада чемпионы болатынмды анам білген. Ана жүрегі ешқашан алдамайды», — деді Елдос Сметов.

Елдос Сметов кәсіпкерлерге арналған форумда өзінің болашақ жоспарларымен бөлісті. Спортты қойған соң кәсіппен, бизнеспен айналысатынын жеткізді.

«Қазір кәсібім бар деп айта алмаймын, бірақ болашақта спортты аяқтаған соң кәсіппен айналысам деп ойлаймын. Спортта өзім спорт шыңына шықтым, кәсіпте де «олимп» шыңына шығам деген оймен кәсіпкерлердің арасында ниеттеніп жатырмын.

Ағылшын тілін қолға алып жатырмын. 4-қаңтар күні Лондонға ұшам. Төрт ай сол жерде білім алам. Мен өзіме өзіме ешқашан баға берген және мені батыр деп айтыңдар деп талап еткен емеспін. Бірақ халықтың айтуымен қоғамда батыр болып жатқан нәрсе елдің атын шығару. Баяғыда ата-бабаларымыз осы жерді найзаның ұшы, білектің күшімен қораған болса, қазір бізде білім саласы, ғылым саласы бар, спорт, өзгеде салаларда қазақтың кім екенін көрсету. Өзім Қазақстанды әлемге танытуда спортшы ретінде спорттың ең биік шыңына жеттім деп ойлаймын», — деді Олимпиада чемионы.

Айта кетейік, Алматыда қазақтілді ортаға арналған «Sana» бизнес форумы өтті. Оған бизнесте, кәсіпте түрлі жетістіктерге жеткен қазақ азаматтары қатысып, ойларын ортаға салды. Форум осымен екінші жыл қатарынан өткізілді.

бизнес Елдос Сметов Лондон Олимпиада Париж чемпион

Оқылып жатыр

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

Соңғы жазбалар

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.