Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Депутат олигархтардың активтерін ашып тастаған: Бақытжан Базарбекті құртуға арналған ауқымды науқан ойыны басталды

29 Тамыз, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бірер жыл бұрын ғана қатардағы саясаткер саналған депутат Базарбек бүгінде еліміздегі ықпалды элита үшін үлкен қатерге айналды.

Бұған дейін өзара бәсекелес болып келген күштердің енді оған қарсы біріге бастағаны байқалады. Бұл туралы «Курилка Байтерека» телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Todayinfo.

Депутаттың рейдтері бірнеше ірі топтың мүддесіне қайшы келіп тұр. Соның бірі миллиардтаған теңгелік фармацевтикалық нарықтағы былық, әлгі схемаларды депутат Мұрат Әбеновпен бірге әшкерелеген болатын.

Екінші бағыт Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің жағасындағы жер дауы. Депутаттың бастамасымен тексеріліп жатқан телімдер Динара мен Тимур Құлыбаевтардың иелігінде делінеді. Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы «қол сұғуға болмайтын активтер» саналып келген.

Базарбектің әрекеті әсіресе құрылыс саласындағы осы күнге дейін түкірігі жерге түспеген ықпалды лоббиге өте ауыр тиген. Күні кешегі RAMS компаниясына қатысты тексерістері тек қаржыға ғана емес, ірі бизнестің саяси ықпалына да, беделіне де нұқсан келтіруде.

Бұған дейін Қазақстанда ешбір депутат мұндай деңгейге дейін барып, ірі топтардың астыртын әрекетін әшкерелеп, олардың атын ашық атаған емес.

Дегенмен, элитаны алаңдатып отырған мәселе бұл тергеудің өзі ғана емес.

Базарбек ұзақ жылдан бері үнсіз келісімге негізделген «тиіспеушілік» дәстүрін бұзып, саяси ортада қалыптасқан қасаң қағиданы қақыратып отыр.

Оның бульдозер мінезі осы күнге дейін Мәжілісте ауызға алуға тыйым салынған, жабық есік артында шешілетін тақырыптарды қоғам алдына ашық шығарып, талайлардың жасырын мүддесін әшкерелеп жатыр.

Инсайдерлердің айтуынша, депутатқа қарсы кең ауқымды ойын басталған.

Мақсат Базарбекті саяси аренадан ғана емес, қоғамдық кеңістіктен де ығыстыру. Депутатқа қарсы арнайы дискредитациялық науқан ұйымдастырылып, ел ішіндегі беделіне дақ түсіру, абыройын төгу жоспары жасалуда.

Базарбектің өзі де қазіргі бағытының қауіптілігін жақсы түсінеді, бірақ соған қарамастан бастаған ісін жалғастыруға бел буып отыр. Мәжілісменнің табандылығы елдегі ықпалды топтарды ашықтан-ашық ашуландыруда.

Қазіргі таңда депутаттың артында оған саяси қалқан болар ықпалды топ жоқ. Базарбек ешкімге жалтақтамай, өз жолымен жүріп келеді. Қазақстанның саяси практикасында мұндай әрекет бір жағынан батылдық пен қайраткерлік болса, екінші жағынан адамды ашық нысанаға айналдырып, қорғансыз күйге түсіреді.

Базарбектің саяси тағдыры да осы екі фактордың қайсысы басым түсеріне тікелей тәуелді болып тұр.

Фото: parlam.kz

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.