Әнші жүктілік кезеңіндегі өзгерістерімен бөлісіп, 6 келі қосқанын және сахнаға қайта оралуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Тәбетім ашылып жүр. 6 келі қостым. Үйде отырып, боянатын заттарымды жинап жатырмын. Қос-қостан ала беріппін. Елде сатылмайтын опа-далаптарды Париж бен Италиядан алып келдім. Жап-жаңа ашылмаған күйде тұрғандары бар. Босанып алғаннан кейін қайтадан сахнаға шығамын. Оған дейін ашылмай тұрады. Болашақта қызым менің боянатын заттарымды менсінбейтін шығар», — деді әнші.
Әнші жүктіліктің оған қалай әсер етіп жатқанын және сұлулық өнімдеріне деген сүйіспеншілігін ерекше атап өтті.