Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ертіс-Қарағанды каналы — іске асуына Сәтбаев түрткі болған ғасыр жобасы

12 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шапық Шөкин бастаған отандық ғалымдар 1949-1958 жылдары Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мәселесін Ертіс өзенін бұру негізінде шешуге болатындығын дәлелдеді. Бұл идеяға түрткі болған Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев болатын.

Бүкіл республика бойынша су қорының небәрі 7 пайызы ғана Сарыарқа даласына тиесілі екенін естіген Қанағаң айран-асыр болыпты. Республика отынының 70 пайызын беріп отырған еліміздің орталық бөлігінде осыншама су тапшылығының болуы адамды лажсыз қалдыратын сандар ғой. Бұл екі көрсеткіштің арасалмағын теңестірмейінше жер байлығын ел игілігіне ұсыну мүмкін емес еді.

Сәтбаев осы тұста отандық ғалымдардың алдына болашақта Ертіс-Қарағанды аталған су арнасын салу мәселесін қойды. Бұған жергілікті гидрологиялық институттардың көбі қарсы болып, жерасты суларын алуды ұсынады. Талас-тартысқа толы күндерде Қазақстан энергетика институтының директоры, қазақтың тұңғыш энергетика ғалымы Шапық Шөкин Сәтбаевтің алдына келіп, есебін жайып салады.

«Водоканалпроект» мекемесі салмақшы болып отырған су қоймасы ең мықтағанда жылына 585 млн текше метр су беруге қабілетті. Ал Орталық Қазақстан өндірістеріне кем дегенде 2-2,5 млрд текше метр су қажет. Осы дәлелдемесінен кейін канал құрылысына қарсы болғандардың аузына құм құйылды. Қаныш Имантайұлының тапсырмасы бойынша Ш.Шөкин қазіргі су арнасының жобасын әзірледі. Ондаған жылдар бойы қазақтың қос мықты ғалымы бұл жобаны ақылдаса отырып, жетілдірді.

Мынау суретте бейнеленген қос алып – Сәтбаев пен Шөкин 1959 жылы Алматыда түсіпті. Бұл фотосуретті жуықта Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкерлері өңірлік Потатин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қорынан тапты.

Тау тұлғаның шәкірті атанған Ш.Шөкин Сібір өзендерін Қазақстан мен Орта Азияғa бұру мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырған алғашқы ғалымдардың бірі екенін айтып өткен абзал.

Айта кетейік, жуырда Баянауылдан академик Қаныш Сәтбаев пайдаланған жазу машинкасы табылды. Жәдігерді баянауылдық ерлі-зайыпты Михаил және Галина Баек отбасы ұзақ уақыт сақтап келген.

 

іске асуына болған ЕртісҚарағанды жобасы каналы Сәтбаев түрткі ғасыр

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.