Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Христиандар мен иудейлерді кемсітеді»: қоғам белсендісі Бас прокуратурадан ҚМДБ-ға қатысты шара қолдануды сұрады

13 февраля, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қоғам қайраткері, «Демос» қоғамдық ұйымының жетекшісі Тұрарбек Құсайынов Бас прокурор Берік Асыловқа жүгініп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) кейбір уағыздары мен діни әдебиеттерінде христиандар мен иудейлерге қатысты кемсітуші және теріс көзқарас таратылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

Тұрарбек Құсайыновтың айтуынша, ҚМДБ-ның кейбір имамдары мен діни қайраткерлері қоғамдық уағыздарында христиандар мен иудейлер туралы жағымсыз пікірлер айтып, бұл жағдай діни төзімсіздік пен конфессияаралық шиеленіс тудырады.

Белсендінің мәлімдемесінде төмендегідей мәселелер атап өтілген:

Христиандар «адасқан қауым» ретінде сипатталады, бұл олардың өкілдеріне деген теріс көзқарас қалыптастырады.

Иудейлер «Құдайдың қаһарына ұшыраған халық» немесе «қарғыс атқандар» ретінде айтылады, бұл антисемитизмді өршітіп, діни алауыздыққа жол ашады.

«Әлеуметтік желілер мен видеохостинг платформаларында осындай сипаттағы көптеген аудио және видеоматериалдар бар. Бұл радикалды көзқарастардың таралуына ықпал етіп, қоғамдағы тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Сондай-ақ елдегі 9 медресе мен «Нұр-Мүбарак» университетінде оқытылатын кейбір еңбектерде христиандар мен иудейлерге қатысты ескірген және кемсітуші түсініктер кездеседі», — деді Тұрарбек Құсайынов.

Қоғам қайраткері Бас прокуратурадан мына шараларды қабылдауды сұрады:

  • ҚМДБ уағыздарында христиандар мен иудейлерге қатысты теріс пікірлерді алып тастау.
  • Діни әдебиеттерді қайта қарау және христиандар мен иудейлерге қатысты кемсітуші мәлімдемелер бар кітаптарды таратуды тоқтату.
  • Әлеуметтік желілер мен видеохостингтердегі материалдарды мониторингтен өткізіп, оларды бұғаттау.
  • Медреселер мен «Нұр-Мүбарак» университетінде ортағасырлық түсініктерді дәріптейтін еңбектерді оқытуды тоқтату.
  • Имамдардың уағыздарын бақылауды күшейтіп, олардың елдегі заңнамаға, діни төзімділік пен конфессияаралық келісім принциптеріне сай болуын қадағалау.

Тұрарбек Құсайынов өтінішінде христиандар мен иудейлерге қатысты теріс көзқарасты растайтын бірқатар аудио және видеоматериалдарға сілтеме жасағанын атап өтті.

«Бұл — ашық көздерден алынған дәлелдердің аз ғана бөлігі. Өтінішімді Қазақстан заңнамасына сәйкес қарап, конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған тиісті шаралар қабылдауды сұраймын», — деп түйіндеді қоғам белсендісі.

 

Бас прокуратура діни төзімділік иудейлер конфессияаралық келісім Тұрарбек Құсайынов. христиандар ҚМДБ

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.