Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Келесі жылға дейін Ордабасы халқы 100% табиғи газбен қамтылады

8 Шілде, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданға 9,4 млрд теңге тікелей инвестиция тартылды. Қазіргі таңда өнеркәсіп өнімінің көлемі 20,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«Ауылшаруашылық саласында биыл қаңтар-мамыр айларында 14,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Биылғы егіс науқанында 71 600 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Дәнді дақылдар – 38 мың га, майлы дақылдар – 5,3 мың га, мақта – 6,4 мың га, көкөніс, бақша, картоп – 4,9 мың га, мал азығы дақылдары – 17 мың га. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 350 гектар жерде 125 жоба жүзеге асырылуда. Су үнемдеу технологиясы бойынша биыл 1 333 гектарға енгізіледі. Оның 1 188 гектарын тамшылатып суғару, 145 гектарын жаңбырлатып суғару жүйелері құрайды. Аудандағы 129,4 гектар жылыжайда 12 мың тонна көкөніс өнімдері өндіріледі. Бұдан бөлек, аудандағы 14 705 шағын кәсіпкерлік нысандарында 21 407 адам жұмыспен қамтылған. 2025 жылы өндірілген өнім құнын 208,6 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Аудан аумағында «Ордабасы» және «Бадам» индустриалды аймақтары орналасқан. Қос индустриалды аймақтың жалпы аумағы — 106 гектар. Онда құны 30 млрд теңгеден асатын 10 жоба жүзеге асуда. Аталған аумақтарда 1200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған», — деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 3 медициналық нысан пайдалануға берілген. Нәтижесінде аудан бойынша денсаулық сақтау нысандары 100 пайызға жаңартылды. Аудан бойынша 54 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылған. Қалған 3 елді мекенде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін аймақтағы бүкіл елді мекен 100 пайыз ауыз сумен қамтылатын болады. Сондай-ақ, өңірдегі 36-ы ауыл табиғи газ жүйесіне қосылған.

Ендігі кезекте қалған 21 елді мекенге газ жеткізу жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып, 2026 жылдың аяғына дейін аудан тұрғындарын толық көгілдір отынмен қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, аудан бойынша 57 елді мекен толық электр қуатымен қамтылған. Биыл «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан 7 дана трансформатор ауыстырылатын болады. Аудан бойынша жалпы ұзындығы 230,4 шақырымды құрайтын 201 көшеде жарықтандыру құралдары орнатылған. Бұдан бөлек, биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 8 елді мекендегі 28 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 6 көшеге орта жөндеу, 3 көпірге ағымдағы жөндеу және 4 ауылдың ішкі көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 4 аудандық маңызы бар автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізілуде. Сондай-ақ, азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында өткен жылы 136 пәтер берілген. Биыл Темірлан елді мекенінде 2 қабатты 14 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін барлық құрылыс нысандары аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде кезекте тұрған 216 отбасының баспана мәселесі шешілетін болады.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

Түркістан облысында ауқымды «Аq-dala» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында тұмау мен жрви-ге қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай Түркістанда сенбілік өтті

Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.