«Айып тағылған қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген»,-делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі тартқан ақпаратта.
«167 млн теңгені қолды қылған»: 40 адамды алдаған азаматша Армениядан экстрадицияланды
Бүгін Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армениядағы Елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапқа тарту үшін елге экстрадициялады, деп хабарлайды Todayinfo порталы. ҚР Бас

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 -2021 жылдар аралығында күдікті Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған, нәтижесінде қырыққа жуық адамның 167 млн теңгеден астам қаржысын қолды еткен.
Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын түрлі қылмыстар жасағаны үшін сотталған, ал қылмыс жасалғаннан кейін күдікті Арменияда жасырынып жүрген және ол сол елде ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.
Ұқсас материалдар

Қоғам
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Қоғам
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Қоғам
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Қоғам
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·