Түркістан облысында 2025 жылға дейін 110 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады
Түркістан облысындағы барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Облыстағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер телімдерін алып қою бойынша облыс әкімінің өкімімен ведомствоаралық

Түркістан облысындағы барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Облыстағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер телімдерін алып қою бойынша облыс әкімінің өкімімен ведомствоаралық кіші топтың құрамы бекітіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Ведомствоаралық кіші топ тарапынан 2025 жылға облыс бойынша 110 мың гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Бүгінгі таңда Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан 51,1 мың гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.
Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген мақсатына сай пайдаланбаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қайтару жұмыстардың барысы туралы баяндады. Оның мәлімдеуінше, республика бойынша мемлекет меншігіне қайтарылған жерді айналымға енгізу барысында, мал жаю үшін ауылдық әкімдіктерге бекітілген 2036,8 мың гектар жайылым жердің 497,5 мың гектары немесе 24 пайызы Түркістан облысына тиесілі.
Былтыр елді мекендерді қоғамдық жайылымдармен қамтамасыз ету бойынша жалпы 68,2 мың гектар жайылым жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Биыл өңірде 831,8 мың шартты мал басына жайылым тапшылығы 539,8 мың гектарды құрады. Жұмысшы топ тарапынан 3960 жер пайдаланушылардың 372,6 мың гектар жайылым аумақтарына мал басының тіркелмегендігі анықталған. Осыған орай, аудан, қала әкімдіктерінде жайылым жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға мақсатсыз пайдаланылған жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандыруды, бекітілген жоспарды уақтылы орындауды тапсырды.
Ұқсас материалдар

Түркістан облысы
Түркістанда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Специалисты призвали соблюдать меры безопасности во время купального сезона в Туркестанской области
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Түркістан облысында мамандар шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды
Жаннұр Еділбаева·