2026 жылы зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды
Фото: pixabay 2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл өсім 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген. 2026 жылы елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге дейін ұлғаяды. Қазір о

Фото: pixabay
2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл өсім 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген. 2026 жылы елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге дейін ұлғаяды. Қазір ол 62 771 теңгеге жетті. Осылайша өсім 6 278 теңге болады. Сонымен қатар базалық зейнетақы төлемі де артып, 2026 жылы 35 596 теңгеге дейін көтеріледі. Өсім көлемі – 3 236 теңге.
2026 жылы индексациядан кейін ең төменгі зейнетақы мөлшері 104 645 теңге, ал ең жоғары зейнетақы 238 412 теңге болады.
Айта кетейік, Қазақстанда зейнет жасына шығу жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас. Бұл норма 2028 жылға дейін сақталады. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткер саны 2 млн 516 мың адамға өскен.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·