Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

4 жасар баланы паркте жабайы жыртқыш тістеп алған

АҚШ-тың Вашингтон штатындағы «Олимпик» ұлттық паркінде 4 жасар бала тау арыстаны тістеп алған, деп хабарлайды Todayinfo sfgate -ке сілтеме жасап. Оқиға 20 шілде күні күндіз, Харрикейн-Ридж алаңының маңында болған. Құтқарушыларға шабуыл туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша са

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
4 жасар баланы паркте жабайы жыртқыш тістеп алған

АҚШ-тың Вашингтон штатындағы «Олимпик» ұлттық паркінде 4 жасар бала тау арыстаны тістеп алған, деп хабарлайды Todayinfo sfgate -ке сілтеме жасап.

Оқиға 20 шілде күні күндіз, Харрикейн-Ридж алаңының маңында болған. Құтқарушыларға шабуыл туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша сағат 15:15-те түскен. Жарақат алған бала дереу Сиэтлдегі травматология орталығына тікұшақпен жеткізілген.Қазір баланың жағдайы тұрақты екені айтылды.

Оқиғадан кейін ұлттық парк аумағына құтқарушылар мен арнайы аңшыларжіберілген. 21 шілде күні билік өкілдері жыртқыштың көзін жойғанын хабарлаған.

Фото: getty images

Ұқсас материалдар

4 жасар баланы паркте жабайы жыртқыш тістеп алған · Todayinfo