70 жастағы қарт дәрігер ұсталды
Көкшетауда полиция қызметкерлері есірткілік заттарға теңестірілген дәрі-дәрмектерді сатқан саудагерді ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер 48 жастағы ер адамның үстінен 130 таблетка трамадол тауып, тәркіледі, деп хабарлайды Todayinfo . Бұдан бөлек, құқық қорғаушылар ұсталған адам

Көкшетауда полиция қызметкерлері есірткілік заттарға теңестірілген дәрі-дәрмектерді сатқан саудагерді ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер 48 жастағы ер адамның үстінен 130 таблетка трамадол тауып, тәркіледі, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұдан бөлек, құқық қорғаушылар ұсталған адамның жанынан жергілікті дәрігер жазып берген есірткілік препаратты алуға арналған екі рецепт тапты.
"Полицейлер бірқатар жедел іс-шаралар жүргізіп, нәтижесінде медициналық қызметкердің заңсыз әрекеттері расталды", - деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кейін Ақмола облысының есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, жалған рецепттер жазып келген 70 жастағы жекеменшік дәрігерді ұстады. Дәрігердің кабинетінде тәртіп сақшылары мөр басылған тағы 9 рецепт тапты.
Аталған екі факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Как сэкономить на электричестве
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Үшінші жәбірленуші де сотталушыға кешірім берді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Арыста 52 жастағы жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Айғаным Нариманова·