«Сені жоғалту, Абылай, – өте ауыр. Сен мен үшін жай ғана жақын адам емес едің, менің жанымның бір бөлігіне айналдың. Жүрегім сыздап, жаным ауырады. Сенің енді қасымда жоқ екеніңе әлі күнге дейін сене алмаймын. Қазір екеуміздің фотоларымызға қарап отырмын. Әр суретте қуанышқа, жылулыққа толы өміріміздің сәттері. Бір жағынан жаным жылып, екінші жағынан жүрегім ауырлайды. Сенің күлкің, даусың, жылы сөздерің әлі күнге дейін көңілімде, жанымда естіліп тұрғандай. Бұл естеліктер мен үшін ең қымбат, ең бағалы дүниелер. Солардың арқасында тіпті ауыр күндерім де жарық сезіледі. Сен өміріме көп жарық әкелдің. Маған қуаныш пен мән сыйладың. Мен сені әрдайым есімде сақтаймын. Өмірімді нұрландырған, жүрегімде өшпес із қалдырған адам ретінде. Сенің маған жасаған жақсылығың, мейірімің менің жүрегімде мәңгі жасайды. Пейіштің жарығында бол, жаным. Жаның жәннәтта болсын, Абылайым», – деп жазған Аруна Асхатқызы.Коллаж: sn.kz
«Әлі күнге дейін сене алмаймын»: Арман Дүйсеновтың ұлына арналған ескі жазба тарады
Марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың сүйіктісі Аруна Асхатқызы жазған бұл хат желіде тарап, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Todayinfo . Бұл жазбада ол сүйген жарын жоғалтқан кездегі ауыр сезімдерін, жүрегіндегі сағынышын ашық жеткізеді. «Сені жоғалту, Абылай, – өт

Марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың сүйіктісі Аруна Асхатқызы жазған бұл хат желіде тарап, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұл жазбада ол сүйген жарын жоғалтқан кездегі ауыр сезімдерін, жүрегіндегі сағынышын ашық жеткізеді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Әл-Фарабидегі адам өліміне әкелген жол апаты: куәгерлер жалған жауап берді деген күдікке ілінді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Екінші маусымда үйден шығып кеткен»: Қызылордада каналдан қыздың денесі табылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Талдықорғанда 3 жасар қызы мен әйелін сабаған ер адам ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
США и Иран обменялись ударами в районе Ормузского пролива
Жаннұр Еділбаева·