Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Әзіл» ретінде жасаған»: Жетісу облысының тұрғыны мысығын кір жуғыш машинада жуған

Фото: видео скриншот Жетісу облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Threads желісінде қоғамдық резонанс тудырған бейнежазба тарады. Кадрлардан мысықтың кір жуғыш машинаның барабанына салынғаны байқалады. Аталға

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Әзіл» ретінде жасаған»: Жетісу облысының тұрғыны мысығын кір жуғыш машинада жуған
Фото: видео скриншот Жетісу облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Threads желісінде қоғамдық резонанс тудырған бейнежазба тарады. Кадрлардан мысықтың кір жуғыш машинаның барабанына салынғаны байқалады. Аталған жарияланым желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
«Бейнежазба жарияланған сәттен бастап полиция қызметкерлері жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша тексеру жұмыстарын бастады. Ролик авторы бұл әрекетін «әзіл» ретінде түсіндіріп, кір жуғыш машинаның барабанына су қоспай бір рет қана айналдырғанын, содан кейін жануарды бірден шығарғанын мәлімдеді. Тексеру барысында мысық ветеринар дәрігердің қарауынан өтті. Маманның қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта жануардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Дегенмен, бұл жағдай бойынша мысық иесі жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады облыстық полиция.

Ұқсас материалдар

«Әзіл» ретінде жасаған»: Жетісу облысының тұрғыны мысығын кір жуғыш машинада жуған · Todayinfo