Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Айбек Оралбай Әлем кубогының финалында өнер көрсетеді

Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай жартылай финалда қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды. 90 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан боксшы енді 6 шілдеде алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады, деп хаб

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Айбек Оралбай Әлем кубогының финалында өнер көрсетеді
Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай жартылай финалда қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды. 90 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан боксшы енді 6 шілдеде алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Todayinfo. Айбек әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Махаммад Абдуллаевпен айқасып, нокдаунға түсірді. Бұған дейін финалға жолдама алған қазақстандықтар:
  • Назым Қызайбай (48 келіге дейін);
  • Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін);
  • Виктория Графеева (60 келіге дейін);
  • Наталья Богданова (70 келіге дейін);
  • Надежда Рябец (75 келіге дейін);
  • Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары);
  • Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін);
  • Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін);
  • Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін);
  • Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін);
  • Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін).
Кейбір спортшылар турнирді қола жүлдемен аяқтады:
  • Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін);
  • Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін);
  • Аида Әбікеева (65 келіге дейін);
  • Айдана Забынбекова (57 келіге дейін).

Ұқсас материалдар

Айбек Оралбай Әлем кубогының финалында өнер көрсетеді · Todayinfo