Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматы көшесінде ер адам арбаға таңылған әкесін ұрып тастады

Алматыда мүгедек қартты ұлының соққыға жыққан сәті бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды  Todayinfo. Әлеуметтік желіде тараған кадрлар жұрттың ашуын туғызды. Оқиға Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болғаны айтылады. Куәгерлердің айтуынша, ер адам қарт ә

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Алматы көшесінде ер адам арбаға таңылған әкесін ұрып тастады
Алматыда мүгедек қартты ұлының соққыға жыққан сәті бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды Todayinfo. Әлеуметтік желіде тараған кадрлар жұрттың ашуын туғызды. Оқиға Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болғаны айтылады. Куәгерлердің айтуынша, ер адам қарт әкесін бірнеше рет ұрып, балағаттаған. Жанындағы адамдардың ескертуіне қарамастан, әрекетін тоқтатпаған. Қала тұрғындары Алматы қалалық полиция департаментінен бұл жағдайға дереу құқықтық баға беріп, кінәліге шара қолдануды талап етуде.

Ұқсас материалдар

Алматы көшесінде ер адам арбаға таңылған әкесін ұрып тастады · Todayinfo