Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Алматыда 130 көпқабатты үй газсыз қалды

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының газ желілерін пайдалану қызметі Бөгенбай батыр көшесі, 103 мекенжайы бойынша және «Мұзтау» шағын ауданында газдың ағып кетуін анықтады. "Осыған байланысты, 7 ақпанның кешінен бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Құрманғазы – Панфилов –

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Алматыда 130 көпқабатты үй газсыз қалды
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының газ желілерін пайдалану қызметі Бөгенбай батыр көшесі, 103 мекенжайы бойынша және «Мұзтау» шағын ауданында газдың ағып кетуін анықтады.
"Осыған байланысты, 7 ақпанның кешінен бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Құрманғазы – Панфилов – Қайырбеков – Төле би көшелерінің алаңында 130 көпқабатты үй көлемінде газды тамақ дайындау үшін пайдаланатын және 18 жеке сектордағы үйлерді газбен жабдықтауды тоқтатты. Сондай-ақ, «Мұзтау» шағын ауданында ажырату жұмыстары жүргізілді", - деп жазды компанияның баспасөз қызметі.
Газбен жабдықтау 8 ақпанда сағат 14.00-ге дейін жалғасады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда авариялық қызметке 104 , 253-02-07 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.  

Ұқсас материалдар

Алматыда 130 көпқабатты үй газсыз қалды · Todayinfo