Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматыда ДжейЛо концертіне байланысты бірнеше көше жабылады

10 тамыз күні Алматыда өтетін әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концертіне байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектеледі. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қозғалыс сағат 16:00-ден бастап мына учаскелерде тоқтатылады: Байтұрсынов көшесі – Шевченко

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Алматыда ДжейЛо концертіне байланысты бірнеше көше жабылады

10 тамыз күні Алматыда өтетін әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концертіне байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қозғалыс сағат 16:00-ден бастап мына учаскелерде тоқтатылады:

  • Байтұрсынов көшесі – Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;

  • Сәтбаев көшесі – Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін;

  • Абай даңғылы – Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.

Концерт Орталық стадионда өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 3 мыңға жуық адам – полиция, әскерилер, күзет және волонтёрлер жұмылдырылады. 26 бақылау-өткізу бекеті орнатылып, металлдетекторлар мен сканерлер қолданылады.

Стадион төрт фан-аймаққа бөлінеді, жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметі кезекшілік етеді. Периметрде қосымша 100-ге жуық биотуалет орнатылады.

Көрермендер үшін 50 арнайы автобус қатынайды, сондай-ақ навигация белгілері мен LED-экрандар қойылады.

 
View this post on Instagram
 

A post shared by Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

Ұқсас материалдар

Алматыда ДжейЛо концертіне байланысты бірнеше көше жабылады · Todayinfo