Алматыдағы Рузуддинов атындағы жоғары медициналық-стоматологиялық колледжде бір топ студент қыз дәретханада өз құрбысына жаппай күш қолданған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Бұл туралы жәбірленушінің әпкесі Жасмин Құлиева хабарлады.
Айтуынша, үш қыз студентті алдын ала камера орнатылмаған дәретханада тосып тұрған. Олардың бірі ешкім кірмесін деп есікті ұстап тұрған. Құрбысын арт жағынан соғып, кейін ұрып-соғып, тепкілеп, бетіне тырнаған.
Әпкесінің айтуынша, жанжалдың себебі – қызғаныш. Шабуылдағандардың біріне колледждегі бір жігіт ұнаған, ал ол жігіт жәбірленушіге қызығушылық танытқан көрінеді. Өзі болса, бұл қыздарды мүлде танымайтын болған.
Жәбірленуші қазір балалар ауруханасында жатыр. Оның миы шайқалған, көру қабілеті нашарлаған, бірнеше рет есінен танған.
Сондай-ақ әпкесі колледж әкімшілігі оқиғаны жасырмақ болғанын айтады. Олар ата-анасын хабардар етпей, көмек те көрсетпеген. Оның сөзінше, бөлім меңгерушісі оқудан шығарумен қорқытып, ата-анасының рұқсатынсыз кәмелетке толмаған қызды психологқа апарып, түсініктеме жаздырмақ болған.
Алматыда жігітке таласқан колледж студенттері қатарластарын есінен тандыра соққыға жыққан (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот Алматыдағы Рузуддинов атындағы жоғары медициналық-стоматологиялық колледжде бір топ студент қыз дәретханада өз құрбысына жаппай күш қолданған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Бұл туралы жәбірленушінің әпкесі Жасмин Құлиева хабарлады. Айтуынша, үш

Фото: видеодан скриншот
Ұқсас материалдар

Қоғам
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Қоғам
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Қоғам
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Қоғам
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·