Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

"Англияға құлпынай жинауға барамыз деп миллондан ақша берген": тұрғындар Алматының полициясына шағымданды

Жеке компания шетелге жұмысқа тұрғызып береміз деп 6 облыстың адамын алдап кеткен, деп хабарлайды Todayinfo КТК арнасына сілтеме жасай отырып. Англияға барып, миллиондап табыс табамыз деп ойлағандар Алматыда сенделіп жүр. Тіпті кейбірі жалдамалы жұмысшы ретінде бару үшін несие рә

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
"Англияға құлпынай жинауға барамыз деп миллондан ақша берген": тұрғындар Алматының полициясына шағымданды
Жеке компания шетелге жұмысқа тұрғызып береміз деп 6 облыстың адамын алдап кеткен, деп хабарлайды Todayinfo КТК арнасына сілтеме жасай отырып. Англияға барып, миллиондап табыс табамыз деп ойлағандар Алматыда сенделіп жүр. Тіпті кейбірі жалдамалы жұмысшы ретінде бару үшін несие рәсімдеп, бар ақшасын берген. Сәйкесінше, айлық көлемі бір млн 200 мың теңге болады деген.
«Компанияға ТикТок арқылы келдім. 2023 жылы 21 мамырда Гүлнұр ханымға 800 мың теңге жіберілген. Содан бері екі жыл өтті, ақшамды ала алмай жүрмін. Әне-міне деп, Бота деген адам ақшамды бермей жүр», - дейді Ғазиза Айсикенова.
Алданғандар кемі 600 мыңнан миллион теңгеге дейін санап берген. Бұған тек ұйымдастыру қызметі ғана кіріпті. Яғни шетелде жүріп-тұруы, виза, тіпті ұшақ билетінің құнын жәбірленушілер өзі бөлек төлеу керек болған. «Айына, кем дегенде, миллион табасың» деп, үміттендірген компания бірнеше айдан бері мүлдем ізін суытқан. Желіде жарнамасы жер жарған әйгілі компания осы кеңседе жайғасқан, есігі тарс жабық. Алайда әлі күнге дейін бұл орталық адамдарды жинап жүргенге ұқсайды.
 «Берген уәдесінде «екі айдың ішінде жібереміз» деген. Екі ай өтіп кетті. Одан кейін қыста, желтоқсанда жібереміз деді.  Сонда 650 мың теңгені анкета толтырғаны үшін осыларға беріп отырмыз. Оған қоса ұшақ билетінің ақшасын өз қалтамыздан шығарамыз, визаға да өзіміз төлейміз», - деді Асылбек Бердімұратов.
Кепілхатта жұмысшы шетелге шықпаса, ақша үш күнде қайтарылады деген. «Бірақ бір жарым, екі жыл өтіп кетті» деп күйінеді жиналғандар. Дегенмен компания өкілдері 200-ге жуық адамның қаражатын қайтардық деп, өзіне шаң жуытпай отыр. «Қалғанының да мәселесі шешіледі» деп сендірді.
«700 адамнан 300 адам қалса, олардың ақшасын жіберіп жатырмыз. Тек халық ренжіп, түсінбей отыр. Бәрін қайтарып жатырмыз. Біз күзгі презентацияға дайындалып жатырмыз, алдымыздағы. Жаңа келген адамдар. Қалатыны қалды, тағы да кіреміз дейді. Биыл қазанда, бұрын барғаны тағы да кіреміз дейді. 53 миллион қайтарылды, ол қаңтардан бүгінге дейін», - деді Jumys.uk компаниясының директоры Бота Жүнісова.
Тақырға отырғандар құзырлы органдардың табалдырығын тоздырудан шаршадық дейді. Алайда еш нәтиже болмаған. Бүгін олар Әуезов ауданының полиция басқармасына ұжымдық арыз түсірді. Енді құрамында қылмыс әрекетінің бар екені негізге алынып, алаяқтық бабы бойынша іс қозғады.
«ҚР ҚК 190-бабының 3-тармағы бойынша, яғни бір емес, бірнеше рет алаяқтық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір қылмыстық іс жүргізу кодексімен кезделген барлық тергеу басталып кетті. Сот және прокуратураның келісісімен, күдіктілер міндетті түрде анықталып, бұлтартпау шарасы тағайындалады», - деді Алматы полициясынан.
Фото: скрин

Ұқсас материалдар

"Англияға құлпынай жинауға барамыз деп миллондан ақша берген": тұрғындар Алматының полициясына шағымданды · Todayinfo