Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Ақтөбеде мас полицей көлікпен қағып кеткен ерлі-зайыптылар қаза болды

Azattyq Rýhy  тілшісіне Ақтөбе облысының полиция департаменті бұл оқиғаны растады. «Дереккөзге сүйенсек, полиция қызметкері тойдан кейін мас күйінде көлік тізгініне отырған. Рульге ие бола алмаған ол 25 және 26 жастағы екі адамды қағып кеткен. Өкінішке қарай, ерлі-зайыптылар

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Ақтөбеде мас полицей көлікпен қағып кеткен ерлі-зайыптылар қаза болды
Azattyq Rýhy тілшісіне Ақтөбе облысының полиция департаменті бұл оқиғаны растады.
«Дереккөзге сүйенсек, полиция қызметкері тойдан кейін мас күйінде көлік тізгініне отырған. Рульге ие бола алмаған ол 25 және 26 жастағы екі адамды қағып кеткен. Өкінішке қарай, ерлі-зайыптылар қаза тапқан», - делілнген хабарламада.
Полиция қызметкері әуел баста оқиға орнынан қашып кетіп, артынан өзі берілген деген ақпарат бар. Қазір жол апатына кінәлі адам қамалып, оның тікелей басшысы болған бірнеше адам жұмысынан қуылғаны белгілі.
 

Ұқсас материалдар