Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Арым таза, маған жала жабылып жатыр»: Отарда жағы сынған сарбаз оқиғасына қатысты сержант үндеу жасады

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде соққыға жығылып, жақ сүйегі сынған сарбаздың ісі бойынша бөлімнің аға сержанты Айдын Сайланұлы халыққа видеоүндеу жолдады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Соңғы күндері Жамбыл облысының Қордай ауданы аумағындағы

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Арым таза, маған жала жабылып жатыр»: Отарда жағы сынған сарбаз оқиғасына қатысты сержант үндеу жасады
Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде соққыға жығылып, жақ сүйегі сынған сарбаздың ісі бойынша бөлімнің аға сержанты Айдын Сайланұлы халыққа видеоүндеу жолдады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Соңғы күндері Жамбыл облысының Қордай ауданы аумағындағы Гвардейский гарнизонында әскери бөлімдердің бірінде болған оқиға ақпарат кеңістігінде кеңінен тарап, әлеуметтік желіде де желдей есіп, қоғамда қызу талқыланып жатыр. Желіде тараған видеода айтылған деректерге сүйенсек, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбазға сержант әлімжеттік көрсеткен. Ал соққыға жығылып, жағы сынған сарбаздың әпкесі Аида Бейсбаеваның айтуынша, үш сержант Есболды аяусыз тепкілеп, темірмен ұрған. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша құзырлы органдар жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр.  Ал бүгін әскери бөлімнің аға сержанты Айдын Сайланұлы видеоүндеу жасап, өзіне жала жабылғанын, әрі арының таза екенін мәлімдеді.
«Ассалаумағалейкум, барша қазақ елі. Мен рота сержанты Айдын Сайланұлы. Қазіргі таңда Гвардейск гарнизонында қызмет атқарамын. Кадет корпусының түлегімін. Бала кездегі арманым – әскери адам болу еді. Сол мақсатта кадет корпусына оқуға түстім, бітірдім, әскери жолды таңдадым.  Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар тарауда. Бұл жағдайға мені және басқа сержанттарды кінәлауда. Мені темірмен ұрды дейді. Бірақ мұның бәрі жалған ақпарат. Бұл жерде екі сарбаздың арасында болған оқиға. Ал қатардағы жауынгер Қапардың айтып тұрған күні 17:00 шамасында болған дейді. Бірақ бұл күні 10:00 шамасында мен кезекшілікті тапсырып, үйге қайттым. Бұны дәлелдей алатын батальонның жеке құрамы және бөлім аумағындағы бейнебақылау камералары. Менің арым таза. Маған жалған жала жабуда. Олар маған 5 миллион теңге берсем істі жабатынын айтты. Бірақ мен заңсыз әрекетке бармайтынымды, арымның таза екенін, ақша бермейтінімді айттым. Өзі сияқты сарбаздардан таяқ жеп, жала жабуда. Менің атыма нұқсан келтіруде. Қазіргі таңда тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Мен әділ шешім шығатынына сенемін. Және өзім де тексеріске дайынмын» - делінген видеоүндеуде.

Ұқсас материалдар

«Арым таза, маған жала жабылып жатыр»: Отарда жағы сынған сарбаз оқиғасына қатысты сержант үндеу жасады · Todayinfo