Todayinfo.kz
ОқиғаларБарлық жазбаларды қарау

Астымызға картон төсеп жатамыз: ұлы имам зейнеткер үш жылдан бері Алматының вокзалдарына түнеп жүр

Фото видеодан скринделді. Алматының вокзалында түнеп, далада қаңғып жүрген әжейдің ұлы мешітте имам болған.  Елге уағыз айтып, имандылық жайлы жар салып жүрген имам қарт анасын қағытып жіберген. Ал қарт ана вокзалдарды аралап, елге алақан жайып, күнелтіп жүр, деп жазады Toda

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Астымызға картон төсеп жатамыз: ұлы имам зейнеткер үш жылдан бері Алматының вокзалдарына түнеп жүр

Фото видеодан скринделді.

Алматының вокзалында түнеп, далада қаңғып жүрген әжейдің ұлы мешітте имам болған.  Елге уағыз айтып, имандылық жайлы жар салып жүрген имам қарт анасын қағытып жіберген. Ал қарт ана вокзалдарды аралап, елге алақан жайып, күнелтіп жүр, деп жазады Todayinfo агенттігі.  Шешесін баға алмаған имамның анасымен Нұрсұлтан Сунадиллаев есімді жігіт тілдескен. Алматының вокзалын жағалап, қаңғып жүрген апаның айтуынша, жалғыз ұлы мешіттің имамы болған. Әйжей ұлы үйленген соң үйден қуылған.
"Келін үйге келгеннен бірге тұрмаймын.  Жалғыз балам ғой, қайтейін, аман болсын. Соларда бәрі жақсы болсын деп, осылай үйден кеттім. Бұған ешкімді кінәламаймын. Бәріне мен кінәлімін. Балам баста келіп тұрды. Үйіне апарады. Келін "балаларға үлгі болмайсың" деп қайта кетіреді. Осылай сандалып жүрдім ғой. Араласпай қоймады ғой, келіп, көмектесіп тұрды балам", - дейді қар тана.
Үш бөлмелі үйі бар баламның. Оларға салмақ салмай, қарттар үйі ме, сондай бір жерде тұрсам", деген апаның иегі кемсеңдеді.
"Келін алдым деп келінге қуанып жүрдім. Кезінде ұлым имам болды. Келін кетірді ғой үйден. Қарттар үйіне барып тұрсам деген едім. Осында астымызға картон төсеп жаатмыз", - деді зейнеткер.
 

Ұқсас материалдар

Астымызға картон төсеп жатамыз: ұлы имам зейнеткер үш жылдан бері Алматының вокзалдарына түнеп жүр · Todayinfo