Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты тың дерек шықты

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында жоғалып кеткен бүтін бір отбасына қатысты тың ақпарат шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, атыраулық хакер отбасы жоғалып кеткеннен кейін оның бір мүшесі&nb

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты тың дерек шықты
Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында жоғалып кеткен бүтін бір отбасына қатысты тың ақпарат шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, атыраулық хакер отбасы жоғалып кеткеннен кейін оның бір мүшесі Наурыз Мұқанғалиевтің SIM-карталары ара-тұра қолданылғанын айтты.
“Бұл нөмірлердің геолокациясы Өзбекстан аумағында тіркелген. Сонымен қатар аталған нөмірлер арқылы WhatsApp мессенджеріне күніне бірнеше рет кіріп отырды. Жоғалған адамдардың ешқайсысы Қазақстан шекарасын кесіп өтпеген, сәйкес белгі базаларда жоқ. Түркістан облысында Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өтуге арналған бейресми арналар бар, оларды белгісіз адамдар пайдалануы мүмкін”, – дейді хакер.
Туыстарының айтуынша, біреулер отбасының қараша және желтоқсан айындағы зейнетақы төлемдерін алып отырған, сондай-ақ WhatsApp арқылы үйдегі малды сатып жіберген. Бұған дейін хат алмасу Наурыз Мұқанғалиевтің атынан жүргізілгені белгілі болған еді. Әлеуметтік желілерде үйдің отағасы әйелінің банк картасын шетелде, яғни Бали аралында қолданып жүр деген ақпарат тарады. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған. Бұл деректерін таратып отырған азамат мемлекеттік жүйелерді бұзбай, тек “ашық деректерді, SIM-карталарды талдау және провайдерлерден алынған ақпаратты” пайдаланғанын атап өтті. Сондай-ақ ол өзі күдіктеніп отырған адамның барын айтты.
“Менің бақылауыма сәйкес, SIM-карталар қолданылып жатыр, бұл үлкен күдік тудырады”, — деп жазған ол өз жарияланымында.

Ұқсас материалдар

Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты тың дерек шықты · Todayinfo