Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ауылдық жерлердегі білім сапасы төмен

Қазақстан білім саласын дамыту жолында көптеген реформаларды жүзеге асырып келеді. Соған қарамастан, елімізде білім саласы республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарынан бөлек, аудандық, ауылдық елді мекендердегі білім сапасы төмен деңгейде. Соның ішінде — білім сапасы

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Ауылдық жерлердегі білім сапасы төмен

Қазақстан білім саласын дамыту жолында көптеген реформаларды жүзеге асырып келеді. Соған қарамастан, елімізде білім саласы республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарынан бөлек, аудандық, ауылдық елді мекендердегі білім сапасы төмен деңгейде. Соның ішінде — білім сапасының аймақтық теңсіздігі, мұғалімдердің жүктемесінің көптігі, жаңартылған оқу бағдарламаларының тиімділігі туралы пікірталастар және техникалық білімге деген сұраныстың төмендігі байқалады.

Мұғалімдердің жалақысы соңғы жылдары артқанына қарамастан, педагог мәртебесі мен кәсіби даярлығы әлі де басты назарда. Қашықтан оқыту кезінде байқалған интернеттің қолжетімсіздігі мен компьютерлік техниканың жетіспеуі — білім жүйесіндегі цифрландыру деңгейінің жеткіліксіздігін көрсетті.

Мемлекет бұл бағытта мектептер мен колледждерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді қолға алып, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын енгізді. Сонымен қатар, ауыл мектептеріне жас мұғалімдерді тарту үшін әлеуметтік қолдаулар қарастырылуда.

Болашақта білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру үшін инклюзивті білім, функционалдық сауаттылық, тіл үйрену дағдылары және кәсіптік бағдар беруді жүйелеу қажет. XXI ғасырда білім — ең үлкен капитал.

Автор: Дінасыл Хамит

Ұқсас материалдар

Ауылдық жерлердегі білім сапасы төмен · Todayinfo