Todayinfo.kz
Түркістан облысыБарлық жазбаларды қарау

Азаматтық қоғамды дамыту: Төлебиде ҮЕҰ арасында әріптестік нығайтылды

Төлеби ауданында Түркістан облысындағы үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен азаматтық қоғам өкілдеріне арналған тимбилдинг форматындағы іс-шара өтті. Жиынның негізгі мақсаты – ҮЕҰ арасындағы әріптестік пен өзара әрекеттестікті нығайту, сондай-ақ командада жұмыс істеу дағдыларын дамыт

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
Азаматтық қоғамды дамыту: Төлебиде ҮЕҰ арасында әріптестік нығайтылды

Төлеби ауданында Түркістан облысындағы үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен азаматтық қоғам өкілдеріне арналған тимбилдинг форматындағы іс-шара өтті. Жиынның негізгі мақсаты – ҮЕҰ арасындағы әріптестік пен өзара әрекеттестікті нығайту, сондай-ақ командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Шараға облыс көлемінде белсенді жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты. Бағдарлама аясында қатысушылар үшін 4 бағытта шеберлік сағаттары мен панелдік сессиялар ұйымдастырылып, арнайы шақырылған спикерлер тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған іс-шара Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Ұқсас материалдар

Азаматтық қоғамды дамыту: Төлебиде ҮЕҰ арасында әріптестік нығайтылды · Todayinfo