Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

«Бәле болды»: Ләйлә Сұлтанқызы желіге тарап жатқан интим видео жайлы айтты

Мынау WhatsApp-қа, қолдан қолға өтіп жүрген интим видеолар бәле болды…

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
«Бәле болды»: Ләйлә Сұлтанқызы желіге тарап жатқан интим видео жайлы айтты
📷 Жеке мұрағат

Ләйлә Сұлтанқызы желі қолданушыларына ескерту жасады. Ол тарап жатқан интим видео жайлы түсіндірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.

Қазір ең қауіпті нәрсе қару емес, адам туралы «компроматтың» телефонда сақталуы мен оның таратылуы. Ешқандай жеке шекара, рұқсат, этика қалмай барады.

«Бір кезде «жаным» деген адам, ертең ашумен, хайп үшін, абайсызда немесе әдейі сенің ең әлсіз жеріңе соққы беруі мүмкін. Сол үшін жігітке де, қызға да айтарым:
махаббатқа сенуге болады, бірақ өз қауіпсіздіктеріңді ешқашан ұмытпаңыздар. Интим фото, интим видео, пароль, жеке хат», -деді ол.

Бұның бәрі біреуге дәлелдейтін махаббат емес.Бұл ертең өзіңе қарсы қолданылуы мүмкін құрал.

«Маған сенбейсің бе?», «Мен ешкімге көрсетпеймін»,«Біз отбасы боламыз ғой…» Осындай сөздерге сеніп, манипуляция мен шантаждың құрбаны болып қалмаңыздар. Махаббат дәлелдеуді сұрамайды. Өзіңді қорға. Өзіңді сыйла. Себебі интернетке кеткен дүние ешқашан толық өшпейді. Сосын заң бар екенін де ұмытпайық.
Біреудің интим фото/видеосын рұқсатсыз тарату - қылмыс. Ондай әрекет үшін заң алдында жауапкершілік қарастырылған», -деп жазды ол.

Ұқсас материалдар