Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Бақсы-балгерлердің қанша табыс тапқаны белгілі болды

Қазақстанда балгерлер, экстрасенстер мен астрологтар бір жылда үш миллиард теңгеге жуық табыс тапқан, деп хабарлайды Todayinfo   Skifnews - ке сілтеме жасап. Бұл — ресми тіркелген «сиқырлы қызмет» өкілдерінің ғана кірісі. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, «басқа да жеке

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Бақсы-балгерлердің қанша табыс тапқаны белгілі болды

Қазақстанда балгерлер, экстрасенстер мен астрологтар бір жылда үш миллиард теңгеге жуық табыс тапқан, деп хабарлайды Todayinfo  Skifnews- ке сілтеме жасап.

Бұл — ресми тіркелген «сиқырлы қызмет» өкілдерінің ғана кірісі.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, «басқа да жеке қызметтер» санатында тіркелген балгерлер мен экстрасенстер 2024 жылы халыққа 2,9 миллиард теңгенің қызметін көрсеткен.

Бұл көрсеткішке көлеңкелі нарық, яғни тіркелмей, салық төлемей жұмыс істейтіндер кірмейді.

Олардың да саны аз емес екені түсінікті. Соңғы екі жылда қазақстандықтардың магиялық қызметтерге сұранысы күрт өскен.

2022 жылы балгерлердің нарығы небәрі 50 миллион теңгеге бағаланса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 5800 пайызға артқан.

Бұрын олардың негізгі клиенттері ауыл тұрғындары болса, қазір табыстың басым бөлігі қалалардан түсіп отыр. Балгерлерге қызығушылық белгілі іс-шарадан кейін қайта күшейді.

Ұқсас материалдар

Бақсы-балгерлердің қанша табыс тапқаны белгілі болды · Todayinfo