Продюсер әрі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, тележүргізуші Мөлдір Мұқан Instagram парақшасында жариялаған жаңа бейнежазбасымен желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Todayinfo.
Видеода Мөлдір белгісіз ер азаматпен көрініп, «Сіз үшін бақытты отбасы деген не?» деген сұрақ қойылады. Ол бұл сауалға:
— «Мәңгілік және адал отбасы», — деп қысқа жауап береді.
Бейнематериал желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі Мөлдірге қолдау білдірсе, енді бірі оның бұл әрекетін сынға алды.
Пікір қалдырғандар арасында:
— «Кеткен еркек оралмайды, Мөлдір»,
— «Бақытты болуға лайықсың»,
— «Өзі адал жан ғана сатқындықты көтере алмайды», — деген сынды жазбалар болды.
Бұған қоса, кей қолданушылардың күмәні де байқалды:
— «Қайраттың Жұлдызы секілді, бұл да не істерін білмей жүр»,
— «Тұрсынбектің басқаға қарағанына сене алмаймын», — деген пікірлер жазылды.
Қазіргі таңда Мөлдір Мұқан бұл бейнежазбаға қатысты пікір білдірген жоқ.




