"Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тапсырмасы аясында Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарының шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі комиссия штаттық режимде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Орал қаласындағы саяжай тұрғындарының шығынын есептеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Батыс Қазақстанда су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының тұрғындары үшін салынатын 395 үйдің 377-сінің құрылысы жүріп жатыр", - деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.Еске салайық, Жайық өзенінде су деңгейі қауіпті шектен әлі түскен жоқ.
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен 9 мыңға жуық отбасыға әлеуметтік көмек берілді
Батыс Қазақстан облысында бүгінгі күнге дейін су тасқынынан зардап шеккен 8882 отбасыға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 3,2 млрд теңге біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Бұдан бөлек, тұрғындарының шығынын есептеу жөніндегі комиссия қорытындысы бойынша тұрғын үйлерін жөндеуг

Батыс Қазақстан облысында бүгінгі күнге дейін су тасқынынан зардап шеккен 8882 отбасыға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 3,2 млрд теңге біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Бұдан бөлек, тұрғындарының шығынын есептеу жөніндегі комиссия қорытындысы бойынша тұрғын үйлерін жөндеуге 253 отбасыға 422 млн теңге қаржы төленді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Алдағы уақытта тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлемдерді беру жалғаса береді. Бұдан бөлек, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Бөрлі ауданында 58 үй, Теректі ауданында 5 үй сатып алынады.
Ұқсас материалдар

Қоғам
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Қоғам
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Қоғам
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Қоғам
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·