«Босанайын деп жүрген»: Сайрамсу өзенінен жүкті әйелдің денесі шығарылды
Түркістан облысында Сайрамсу өзенінен 27 жастағы жүкті әйелдің денесі табылды. Қайғылы оқиға Төле би ауданындағы демалыс кезінде болған, деп хабарлайды Todayinfo Otyrar.kz -ке сілтеме жасап. Төтенше жағдай 29 маусым күні Төле би ауданына қарасты Касқасу ауылындағы «Сайрам-Өг

Түркістан облысында Сайрамсу өзенінен 27 жастағы жүкті әйелдің денесі табылды. Қайғылы оқиға Төле би ауданындағы демалыс кезінде болған, деп хабарлайды Todayinfo Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай 29 маусым күні Төле би ауданына қарасты Касқасу ауылындағы «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркінің аумағында болған. Әйел отбасымен демалып жүргенде белгісіз жағдайда суға құлаған.
Орман шаруашылығы қызметкерлері мен туыстарының көмегімен әйелдің денесі Сайрамсу өзенінен кешке қарай табылды.
Әйел жүктіліктің соңғы айында болған. Анық-қанығын құзырлы органдар тергеу барысында жариялайтын болады.
ТЖД дерегінше, шомылу маусымы басталғалы бері өңірде 5 адам, оның ішінде 2 бала суға батып, көз жұмған. Ал 2025 жылдың басынан бері Түркістан облысында 39 адам суға кетіп, көз жұмды.
Құтқарушылардың айтуынша, судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себебі – қауіпсіздік талаптарының еленбеуі. Мамандар демалыс кезінде рұқсат етілмеген орындарда шомылмауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және құтқару құралдарын қолдануға шақырады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Көргенсіздік»: Кесені кеудесіне киген қыздың фотосы жұртты шулатты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Миллионы на творчество: как государство поддерживает молодых казахстанцев
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Ранние арбузы: стоит ли опасаться нитратов и как выбрать безопасную ягоду?
Жаннұр Еділбаева·