Todayinfo.kz
Жаңалықтар

Астанадағы сот миллионер блогерлер Жанабыловтарға үкім шығарды

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі аяқталды. Олар кінәлі деп танылып, мемлекеттік айыптаушы сұраған жаза тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Астанадағы сот миллионер блогерлер Жанабыловтарға үкім шығарды
📷 Дереккөз: orda.kz

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім шығарды. Олар ҚР ҚК 214-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы және 218-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша – заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыпталған.

Сот отырысында судья: «Жанабыловқа мүлкін тәркілеп, екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес, тағайындалған екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп есептеліп, жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгіленсін. Эльмира Төлегеноваға екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оны екі жылға кейінге қалдырумен жеңілдетілген мекемеде өтеу белгіленсін», – деп мәлімдеді.

Бұған дейін прокурор бұл істі «прецедент» деп атап, екі айыпталушыға да мүлкін тәркілеп, төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. Алайда сот тараптардың дәлелдерін қарастырып, жеңілірек жаза тағайындады.

Ұқсас материалдар