Todayinfo.kz
Жаңалықтар

Жаңа мерзім: Астанада блогер Жанабыловтардың ісі бойынша үкім шықты

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты блогер-миллионерлер Жанабыловтардың ісі бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Жаңа мерзім: Астанада блогер Жанабыловтардың ісі бойынша үкім шықты
📷 Дереккөз: orda.kz

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты блогер-миллионерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Сот бұған дейін блогерлердің тергеумен келісім жасау туралы өтінішін қанағаттандырды. Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын олар кінәсін мойындап, тергеумен ынтымақтастыққа ниет білдірген еді.

Прокурор Олжас Хайруллаев келісім бойынша Ерболат Жанабыловқа екі жыл шартты жаза, ал Эльмира Төлегеноваға кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты екі жылға кейінге қалдырылған екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Үкімді бүгін сағат 16:30-да жариялау жоспарланған.

Жұбайлар ҚР ҚК 214-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы (заңсыз кәсіпкерлік) және 218-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру) бойынша айыпталуда. Бұған дейін прокурор бұл істі «прецедент» деп атап, екеуіне де мүлкін тәркілеумен төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Ұқсас материалдар