Депутат Ермұрат Бапи «суперпрезиденттік жүйеге оралу» туралы қауесетке жауап берді
Депутат Ермұрат Бапи Парламент мінберінде азаматтарды жаңа Конституция жобасын қолдап, 15 наурыздағы референдумға белсене қатысуға шақырды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Депутат сөйлеген сөзінде бүгінгі әлемдік жағдайға, геосаяси тұрақсыздықтың күшеюіне,

Депутат Ермұрат Бапи Парламент мінберінде азаматтарды жаңа Конституция жобасын қолдап, 15 наурыздағы референдумға белсене қатысуға шақырды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Депутат сөйлеген сөзінде бүгінгі әлемдік жағдайға, геосаяси тұрақсыздықтың күшеюіне, соғыс аймақтарының кеңеюіне назар аударды. Оның пікірінше, осындай алмағайып уақытта Қазақстан ел қауіпсіздігін, ішкі бірлікті және тұрақтылықты қамтамасыз ететін батыл бастамалар жасауға міндетті. Дәл осы мақсатта ұсынылып отырған жаңа Конституцияның жобасы стратегиялық маңызға ие.
Депутат ел ішінде айтылып жүрген «жаңа Конституция суперпрезиденттік жүйені қайтарады» деген пікірді жоққа шығарды. Депутатың айтуынша, 2022 жылғы конституциялық реформалар нәтижесінде ел суперпрезиденттік моделден бас тартып, жеті жылдық классикалық президенттік жүйеге көшкен болатын. Туыстық ықпал мен мүдделер қақтығысы конституциялық деңгейде жойылды. Жаңа Конституция жекелеген тұлғалардың немесе топтардың ықпалын күшейтуге емес, билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтауға бағытталған.
Депутат Конституция жобасын орынсыз сынаушыларға да үн қатты. Оның пікірінше, нақты реализм мен конструктивизмнен жұрдай сыншылық бүгінгі күрделі жағдайда таза популизмге айналады және ескі жүйенің «диірменіне су құяды».
Депутат Ермұрат Бапи сөзін азаматтық үндеумен аяқтады: ол баршаны 15 наурыздағы референдумға қатысуға шақырып, «әрбір дауыс - Қазақстанның орнықты дамуының кепілі» деді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан лидирует в СНГ и Центральной Азии по уровню человеческого развития
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Из Вьетнама в Казахстан экстрадировали фигуранта дела о хищении 2,5 млрд тенге
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Конфликт из-за старой ссоры едва не закончился трагедией в Алматы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эксперт: отмена инфляционной гарантии пенсионных накоплений в Казахстане выглядит преждевременной
Жаннұр Еділбаева·