Egov пен e-Otinish-тен 500-ге жуық ұсыныс келіп түскен: Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді
Фото: Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Парламенттік реформа жөнін

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы мәлімет берді.
Мәселен, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінің «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі іске қосылғаннан бері 500-ге жуық ұсыныс келіп түскен. Халық арасынан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан жолданған ұсыныстар мен бастамаларды талдау, жүйелеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бұған дейінгі отырыстарында бір палаталы Парламентті қалыптастыру және оның заңнамалық функцияларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
9 қаңтарға жоспарланған Жұмыс тобының кезекті жиынында қалған бағыттар бойынша ұсыныстар егжей-тегжейлі қаралады.
Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші Президентке Ұлттық құрылтайдың жұмыс секциялары бойынша желтоқсан айында өткен отырыстың қорытындылары және Құрылтайдың алдағы бесінші басқосуына дайындық барысы туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентті реформалау саяси жүйені трансформациялау үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, алда ауқымды өзгерістер күтіп тұрғанына назар аударды. Сондай-ақ барлық бастаманы жан-жақты саралап, оның негізінде конституциялық реформаның базалық тәсілдерін әзірлеуді тапсырды.
Ұқсас материалдар

AQORDA
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен сөйлесті
Айдар Керім·

AQORDA
Интеграцияға ашықпыз: Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі
Айдар Керім·

AQORDA
Ақниет және Бөрте: Тоқаев асыл тұқымды құлындарға есім берді
Айдар Керім·

AQORDA
Қ. Тоқаев пен Н. Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өтті
Айдар Керім·