Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Германияда қазақстандық экс-судьяның өліміне қатысты тергеу уақытша тоқтатылды

Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеу күдіктілерге іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған. Мұны Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Мәжілістегі брифингте журналист

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Германияда қазақстандық экс-судьяның өліміне қатысты тергеу уақытша тоқтатылды
Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеу күдіктілерге іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған. Мұны Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Мәжілістегі брифингте журналистер марқұмның күйеуі Александр Донцовтың Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін бе деген сұрақ қойды. Донцов пен анасы екеуіне аталған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде халықаралық іздеу жарияланған. Санжар Әділовтің айтуынша, қазір қылмыстық іс бойынша тергеу күдіктілерге іздеу жариялануына байланысты тоқтатылған. Қазақстан тарапы Ресей жағымен белсенді хат алмасып жатыр. Ал басқа елдермен өзара іс-қимыл мәселелері Бас прокуратураның құзыретіне жатады.
“Бұл қылмыстық іс бойынша тергеу, күдіктілерге іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылды. Қазір Ресей тарапымен белсенді хат алмасу жүріп жатыр. Ал басқа елдермен өзара іс-қимыл жасау тек Бас прокуратураның құзырындағы мәселе. Алдағы шешімді уәкілетті орган Бас прокуратура қабылдайды”, – деді Санжар Әділов.

Ұқсас материалдар

Германияда қазақстандық экс-судьяның өліміне қатысты тергеу уақытша тоқтатылды · Todayinfo