Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Халықаралық сарапшылар топас»: Францияда өткен байқауда жүлде алған AirAstana мен FlyArystan тағыда сынға ұшырады

Өз елінде үнемі сыннан көз ашпайтын, билік тарапынан да нашар баға алып, халықтың да көңілінен шыға алмаған AirAstana мен FlyArystan әуе компаниялары Францияда өткен халықаралық байқауда марапатқа ие болды. Алайда олардың жетістігіне жолаушылар күмәнмен қарап, кекетіп жатыр, деп

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
«Халықаралық сарапшылар топас»: Францияда өткен байқауда жүлде алған AirAstana мен FlyArystan тағыда сынға ұшырады
Өз елінде үнемі сыннан көз ашпайтын, билік тарапынан да нашар баға алып, халықтың да көңілінен шыға алмаған AirAstana мен FlyArystan әуе компаниялары Францияда өткен халықаралық байқауда марапатқа ие болды. Алайда олардың жетістігіне жолаушылар күмәнмен қарап, кекетіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. AirAstana мен FlyArystan Қазақстанда жиі сынға ұшырайды. Олардың қызметіне де, бағасына да ел тұрғындарының көңілі толған емес. Кесте уақытынан үнемі жиі кешігу, жолаушылардан қол жүгі үшін қосымша ақыны еселеп алу, қымбат билет құны сынды сан түрлі кемшіліктермен есте қалған.
«Халықаралық сарапшылар топас па, әлде біздің жолаушылар жарымес пе? AirAstana мен FlyArystan Парижде өткен беделді байқауда бірнеше марапатқа ие болыпты. Екеуі де Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік әуе компаниясы деген атақ алыпты. Эйр Астана 14-ші жыл қатарынан, Флай Арыстан үшінші жыл қатарынан үздік деп танылыпты. Өмірі кешігеді, кестеге сай ұшпайды, жолаушыларын әуежайға тастап кетеді деп күнде сынап-мінеп жатамыз. Тіпті жыл басында Питер Фостерді Мәжіліске шақырып алып депутаттар сөзбен төмпештеген еді», - деп сынға алды журналист Диас Нұрақын.
AirAstana мен FlyArystan әуе компаниясының басшысын тіптен депутаттар мәжіліске шақырып сан түрлі сұрақпен қысқан. Алайда Питер Фостер халық қалаулыларының өзін кекете миығынан күлген еді.
«Алайда халықаралық World Airline Awards-2025 байқауының ұйымдастырушылары бұның бірін де білмейтін сияқты. Өз елінде өз халқының ықыласына бөленбеген компания, шетелдіктерді қалай таңқалдырып жүр? Түсінсем бұйырмасын. FlyArystan үздік бюджетті әуе компания дегенге тіпті күлкім келді. Билет бағасына қарап бюджетный авиакомпания дегенге сену қиын», — деп жазды журналист.
Air Astana баспасөз қызметінің жетекшісі Тілек Әбдірахманов бір топ журналистер мен блогерлерді Парижге алып барған. Тілшілер әуе компаниясының жетістігін жарыса жазып жатыр.
«Air Astana ең көрікті, ең ақылды, ең сұлу жандарды Парижге алып келді. Air Astana әуекомпаниялары арасында екі номинацияны жеңіп алды. Air Astana World Airline Awards 2025 көрмесінде аймақтың үздік әуе компаниясы атанды. Air Astana он төртінші рет қатарынан «Орталық Азия мен ТМД-да үздік әуе компаниясы» атағына ие болды, сондай-ақ тоғызыншы рет «Аймақтағы үздік борттық қызмет көрсеткені үшін» марапатына ие болды. Құттықтаймыз!», — деп жазды Бауыржан Карипов.
Ақпарат үшін: World Airline Awards сыйлығы туралы 1999 жылы Skytrax тәуелсіз зерттеу агенттігі құрған World Airline Awards сыйлығы әлемдік авиацияда жолаушылардың қанағаттанушылығының ең беделді көрсеткіштерінің бірі болып саналады және көбінесе «Авиация саласының Оскары» деп аталады.

Ұқсас материалдар

«Халықаралық сарапшылар топас»: Францияда өткен байқауда жүлде алған AirAstana мен FlyArystan тағыда сынға ұшырады · Todayinfo