Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

«Халыққа масыл болмасын»: журналист ақын-жазушыларды қатаң сынады

Танымал журналист Нәзия Жоямергенқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі қазақ зиялы қауымына қатысты өткір пікір білдірді. Ол ақын-жазушылардың мемлекеттен тегін баспана мен арнайы қолдау сұрауын сынға алып, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін анықтауға шақырды. Авторд

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
«Халыққа масыл болмасын»: журналист ақын-жазушыларды қатаң сынады

Танымал журналист Нәзия Жоямергенқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі қазақ зиялы қауымына қатысты өткір пікір білдірді. Ол ақын-жазушылардың мемлекеттен тегін баспана мен арнайы қолдау сұрауын сынға алып, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін анықтауға шақырды.

Автордың жазуынша, Кеңес одағы кезінде қаламгерлер идеологияның құралы болғандықтан, билік оларды алақанына салып аялаған. Ал Тәуелсіз Қазақстанда олардың рөлі қандай деген заңды сұрақ қояды.

Журналист бүгінгі таңда қарапайым халықтың мұңы мен ұлттық мүдде таразыға түскенде, көптеген қаламгерлердің үнсіз қалатынын ашына жазды.

«Басқа мамандық иелерінен қай жері артық?»

Нәзия Жоямергенқызы нақты мысалдар келтіре отырып, елдегі елеулі оқиғалар кезінде жазушылардың төбе көрсетпейтінін айтты.

«Мысалы, Желтоқсан ардагері, әріптесіміз Мирболат Мырзатайұлын "қазақша сөйле" дегені үшін соттағалы жатыр. Адвокаты шырылдап жүр. Сол кезде "қыңқ" еткен ақын-жазушылардан кім бар? Алматыдағы №224 мектепті таза қазақ мектебі қылсын деп шырылдаған ата-аналарға араша түскен қай жазушыны білеміз? Ау, олардың оқырманы сол қазақтың қарадомалақтары ғой!» – деп жазды журналист.

Автордың пікірінше, қазіргі нарық заманында әр мамандық иесі өз еңбегімен күн көруде. Сондықтан шығармашылық адамдары да "бес бересі, алты аласым жоқ" ұстанымымен өмір сүріп, кітабын сатып, кәсіби бәсекеге қабілетті болуы тиіс.

Ұлттық идеология және «эгоизм»

Сондай-ақ, жазбада кейбір қаламгерлердің "эгоизмі" де сөз болды. Журналист олардың көбі тек жеке басының қамымен, атақ алумен және туыс-туғандарын жылы орынға орналастырумен әлек деп есептейді.

«Тірі кезінде кітабы шықсын, жағдайын үкімет жасасын, өлсе "Кеңсайға" жерлесін деп күтеді. Халықтың жағдайы нашарлап, сіңірі шыққан кедейлер көбейген заманда мемлекетке масыл болмау керек», – деп түйіндеді ойын Нәзия Жоямергенқызы.

Ұқсас материалдар

«Халыққа масыл болмасын»: журналист ақын-жазушыларды қатаң сынады · Todayinfo