Иран халқы Израиль өлтірген генералдар мен физик ғалымдарды соңғы сапарға шығарып салды
Тегеран қаласында 12 күнге созылған Иран мен Израиль арасындағы қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан Ислам революциясы сақшылары корпусының бас қолбасшысы генерал Хоссейн Салами мен өзге де жоғары әскери жетекшілердің мемлекеттік деңгейдегі жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Today

Тегеран қаласында 12 күнге созылған Иран мен Израиль арасындағы қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан Ислам революциясы сақшылары корпусының бас қолбасшысы генерал Хоссейн Салами мен өзге де жоғары әскери жетекшілердің мемлекеттік деңгейдегі жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo euronews-ке сілтеме жасап.
Ресми деректерге сәйкес, жүздеген мың адам қатысқан қаралы шеру кезінде Хоссейн Салами, әуе-ғарыш күштерінің командирі генерал Амир Әли Хаджизаде және ядролық сала мамандарының табыттары Тегеранның басты даңғылдарының бірі — Азади көшесімен алып өтілді. Табыттар Иран туымен жабылып, қаза болғандардың ірі портреттерімен көмкерілген.
Иран тарапының хабарлауынша, жерлеу рәсімі жалпы саны 60 адамға — оның ішінде төрт әйел мен төрт балаға арналды. Шараға 1 миллионнан астам адам жиналды деген ақпарат тарады, алайда бұл көрсеткіш тәуелсіз көздер арқылы нақтыланбаған.
Генерал Салами мен генерал Хаджизаде 13 маусым күні, қақтығыстың алғашқы сағаттарында Израиль тарапы ұйымдастырған соққы кезінде қаза тапқан. Израиль бұл әскери операцияның мақсаты Иранның ядролық бағдарламасын жою екенін мәлімдеген болатын.
Жерлеу рәсіміне Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи және Қарулы күштердің бірқатар жоғары лауазымды өкілдері қатысты. Ал Иранның рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қаралы жиында бой көрсеткен жоқ.
Қақтығыс салдарынан Иран тарапынан ядролық саладағы бірнеше маман мен әскери жетекшілер қаза тапқан. Елде ұлттық аза тұту жарияланып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Фото: AP
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Арыста 52 жастағы жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Германии пользователей Facebook оштрафовали за оскорбления канцлера Мерца
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Қыздың беті өз үйінде ашылды»: Жәкішевтер әулетінің тойы қызу талқылануда
Айғаным Нариманова·