Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Іші тар»: өзіне ізет көрсеткен Димаш Құдайбергенге әнші Роза Рымбаева ұрсып тастады

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өнердегі әріптесі Димаш Құдайбергенге дауыс көтеремін деп сынға қалды, деп хабарлайды Todayinfo . Видео сахна сыртында түсірілген. «Сізбен сахнаға шығуымның өзі мәртебе ғой. Аман болыңыз», - деп Димаш Роза Рымбаға қарайды. Өз кезегінде Роза

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Іші тар»: өзіне ізет көрсеткен Димаш Құдайбергенге әнші Роза Рымбаева ұрсып тастады

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өнердегі әріптесі Димаш Құдайбергенге дауыс көтеремін деп сынға қалды, деп хабарлайды Todayinfo.

Видео сахна сыртында түсірілген.

«Сізбен сахнаға шығуымның өзі мәртебе ғой. Аман болыңыз», - деп Димаш Роза Рымбаға қарайды.

Өз кезегінде Роза Рымбаева Димаштың бұл сөзіне кейістік білдіріп, «қойшы» деп жауап қайтарады.

Роза Рымбаеваның бұл сөзі желі қолданушылары тарапынан қатаң сынға ұшырады.

«Розаның іш тарлығы ма? Ұят болды», «Қойшы» деп өте шыққанша, бірауыз жылы сөз айтқаны мұндай әншіге тіптен жарасар еді…», «Роза апай Димашқа ренжулі ме?», «Бибігүл – аңыз апамыз, Димашқа тұрып амандасады, ал Рымбаева тіпті қарап сәлемін алуға жарамады!», «Не деген тәкаппарлық», - деп жазды желі қолданушылары.

Ұқсас материалдар

«Іші тар»: өзіне ізет көрсеткен Димаш Құдайбергенге әнші Роза Рымбаева ұрсып тастады · Todayinfo