Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Көкшетаудағы трагедия: жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған

Полиция күдіктінің көлік жүргізуді оқымағанын мәлімдеді

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
Көкшетаудағы трагедия: жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған

Фото: видеодан кадр

Көкшетауда жалғызбасты ананы көлікпен қағып, өліміне себеп болған әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған әрі көлік жүргізу бойынша оқудан өтпеген, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

«Көкшетауда 52 жастағы әйелдің қаза болуына әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Көлікті басқарған әйелге қатысты адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелері мен көлік құралдарын пайдалану талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында әйелдің көлік жүргізу құқығы болмағаны және тиісті оқудан өтпегені анықталды. Ал көлік иесі – оның жұбайына көлік жүргізу құқығы жоқ адамды рөлге отырғызғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған», – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 11 мамыр күні Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті әйелге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

«Бұл қылмыстық істің тергелуі Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп атап өтті полиция өкілдері.

Ұқсас материалдар