Todayinfo.kz
ОқиғаларБарлық жазбаларды қарау

Науқас баласын шөппен емдеген ата-ана оны өлтіріп алған

Фото: istockphoto.com Санкт-Петербургте ата-анасы шөп қайнатпаларымен ғана емдеген бала қайтыс болды. SHOT арнасының мәліметінше, ата-анасы оны ешқашан дәрігерге апармаған, деп хабарлайды Тodayinfo  ақпараттық порталы. Оқиға қалай өрбіді? Кеше кешкісін бала кенеттен өзін наш

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Науқас баласын шөппен емдеген ата-ана оны өлтіріп алған
Фото: istockphoto.com Санкт-Петербургте ата-анасы шөп қайнатпаларымен ғана емдеген бала қайтыс болды. SHOT арнасының мәліметінше, ата-анасы оны ешқашан дәрігерге апармаған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Оқиға қалай өрбіді? Кеше кешкісін бала кенеттен өзін нашар сезініп, тынысы тарылып, есінен тана бастады. Осы кезде ата-анасы – Сергей мен Валентина жедел жәрдем шақырды. Алайда дәрігерлер келгенде, баланың көз жұмғанын анықтады. Кейіннен белгілі болғандай, ата-анасы халық медицинасына сенген. Баланың әкесі дәрігерлер мен дәрі-дәрмектерге күмәнмен қараған, себебі анасы бұрын қатерлі ісікке шалдығып, емделгеніне қарамастан қайтыс болған. Бала бір ай бойы кеуде тұсындағы ауырсыну мен ұстамалардан зардап шеккен, бірақ оған дәрі-дәрмек берілмеген. Оның орнына, ата-анасы жалбыз, қалақай, зире және басқа да өсімдіктердің қайнатпаларын қолданған. Өкінішке қарай, бұл ем бала өмірін сақтап қала алмады.  

Ұқсас материалдар

Науқас баласын шөппен емдеген ата-ана оны өлтіріп алған · Todayinfo