«Оқ-дәрілер, қару табылды»: шетелде қақтығыстарға қатысқан, елімізде адам өлтірген діни радикалдар ұсталды
Қылмыстық топта еліміздің бес азаматы болған. Олар сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу кезінде анықталғандай, күдіктілер елімізде терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыруға мақсатында құрамына адамдарды тартуға қатысқан. Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, о

Қылмыстық топта еліміздің бес азаматы болған. Олар сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу кезінде анықталғандай, күдіктілер елімізде терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыруға мақсатында құрамына адамдарды тартуға қатысқан.
Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктілердің екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық үшін соттылы болғаны да анықталды. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан.
Қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.
Бұған дейін хабарланғандай, шілдеде ҰҚК Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен террористік әрекеттер ұйымдастырған деген күдікпен бес адамды ұстаған болатын. Олардың біреуі шетелдік азамат.
Ұқсас материалдар

Қоғам
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Қоғам
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Қоғам
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Қоғам
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·